Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Хейтерлер біртіндеп шіріп өледі»: Соғысты жақтаушы Аляутдинов Астанаға келмейтін болды
Қоғам

«Хейтерлер біртіндеп шіріп өледі»: Соғысты жақтаушы Аляутдинов Астанаға келмейтін болды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 18.11.2022
Обновлено 18.11.2022 в 11:11
Поделиться
Поделиться

Дін қайраткері Шамиль Аляутдинов Астанада 4 желтоқсанда өтетін бизнес-форумға қатыспайтын болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео арқылы мәлімдеді.

Мазмұны
Хейтерлер кім?Түкке тұрмайтындар

«Құрметті қазақстандықтар, наразылық толқынын тудырмау үшін және ұйымдастырушылар мен спикерлерге проблемалар туғызбау үшін Астанаға (Қазақстанға) бармайтын болдым»,

деді ол.

Сондай-ақ ол «наразылық толқынын» тудырған адамдарға қарата тағы да мәлімдеме жасады.

«Құдай сендерге төреші. Қазіргі уақытта бірдеңе тексеріп жатуға… жоқ… Сондықтан газды басып… мақсат-мұраттарымызға жете береміз, ал хейтерлер біртіндеп өздері шіріп, өледі»,

деп қорытындылады ол.

Хейтерлер кім?

Шамиль Аляутдиновтың Астанаға келуіне алғаш қарсылық танытқандардың бірі — астаналық сарапшылар клубының атқарушы хатшысы Асқар Жапаров болды. Ол Facebook парақшасына пост жариялап, Шамиль Аляутдинов желтоқсанда бизнес-форумда «Өзіңнің үздік нұсқаң» тақырыбымен сөз сөйлеуге келмек ниетте екенін жеткізген. Және ел болып, жұрт болып, оның елге келуіне қарсы тұруға шақырды. Себебі ресейлік ментор Украинадағы қырғынды қолдайды.

«Ол Украинадағы жаппай қырғынды қолдайды. Біз осындай үздік нұсқаға лайықпыз ба? Оның Қазақстанда бітіретін шаруасы жоқ. Ұйымдастырушылар Аляутдинов еліме келуге тұрарлықтай емес екенін білуі керек. Біз мұндай оңбағанның келуіне шыдай алмаймыз»,

деп жазды Асқар Жапаров.

Ал ресейлік әнші Полина Гагарина мен өзін пикап-шебермін деп таныстырып жүрген Алекс Леслидің Қазақстандағы іс-шараларының алдын алғаннан кейін қазақстандықтар коуч Шамиль Аляутдиновке көшті. Ол Украинадағы соғысты ашық қолдаған адамдардың бірі және соғысқа НАТО мен Зеленскийді айыптаған.

Өкінішке қарай, Батыс, НАТО, Зеленский мұның бәрі осылай қанды аяқталуына барын салды. Донецк пен Луганск 2014 жылдан бері Украинаның әскери қысымында болды. Сондықтан, бәрі сәтті аяқталуы үшін ол тез арада бейбіт уақыттың арнасына өтті. Бірақ сонымен бірге Батыс пен НАТО ығысуы үшін және өз мүдделерін ғана емес, сонымен бірге Ресейдің мүдделерін ескеруі үшін Бұл да өте маңызды. Әйтпесе тым есіріп кетті,

деп мәлімдеген Шамиль Аляутдинов видеоларының бірінде.

Әлеуметтік желі қолданушылары Аляутдиновтың парақшаларына шабуыл жасап, «Оккупант, фашист, біз сені күтпейміз» деген сарындағы жазбалар қалдырған.

Түкке тұрмайтындар

Қазақстандықтардың наразылығын байқаған ол, бейнеролик түсіріп, тұрғындардан одан қорықпауға және оның атын пайдаланып, рейтинг жасамауға кеңес берді. Сондай-ақ, желі қолданушыларының айтуынша, ол парақшасында көптеген жағымсыз пікірлерді алып тастап, қолданушыларды блокқа тыққан.

Коучтың жауабы да көп күттірген жоқ, ол тіл тигізетін пікір жазғандарды бірден блокқа тығып, хейтерлерді «түрлі ұсақ-түйектер және оқушылар» деп атады.

Қазақстандық БАҚ пен түрлі ұсақ-түйектер менің атыммен ойнауға шешім қабылдапты. Мен туралы түрлі нәрселер айтып, фашист дейді. Жастар, мен интернетте 1999 жылдан бері жүрмін және осы уақыт ішінде талай қысымды бастан кешкенмін. Оқушылар, маған қарсы қаншама толқын болғанын білесіңдер ме? Сендер жалпы біраз ойланасыңдар ма? Сондықтан қорықпаңдар, мен сендерге тиіспеймін. Және менің атымды пайдаланып, рейтинг жинап алуды да қойыңдар,

деп мәлімдейді ол.

Алайда осы «ұсақ-түйектердің» қысымнан соңында бәрібір Астанаға сапарын болдырмауына тура келді.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 18.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?