Хиджаб кимегені үшін ұрып өлтірген

Иранда 22 жастағы құқық қорғаушы Махса Амини өлімінен кейін жүздеген адам наразылыққа шықты.

Иранда қатаң діни заңдар мен дінбасылардың үстемдігіне қарсы наразылықтар басталды. Ереуілдер сенбі күні құқық қорғаушы көз жұмған Тегерандағы Касра ауруханасы мен марқұмның туған қаласы Сагезде өтті. Өзге қалалардағы белсенділер де қолдады.

Наразылық толқыны Интернетте жаппай тарады. Махси Амини туралы Twitter-де 2,5 миллионнан астам және Telegram-да бірнеше ондаған мың жарияланым шықты.

Демонстранттар «Диктаторға өлім» деп айқайлады, кейбір әйелдер киген хиджабтарын лақтырды. Полиция демонстранттарға жас ағызатын газ шашып, оқ атты. Иранның құқық қорғау ұйымдарының хабарлауынша, қауіпсіздік күштерімен болған қақтығыстан 30-дан астам адам зардап шеккен.

22 жастағы Махса Амини әйелдер құқығын қорғаумен айналысқан. Ол Иранда жиі қудалауға ұшырайтын аз ұлт күрдтерден шыққан. 13 қыркүйекте полиция оны ұстап, қатты ұрып-соққан. Ал Тегеран полициясы 22 жастағы белсенді әйелдің жүрегі ауыратынын айтты. Ұсталғаннан кейін бірнеше сағат өткеннен соң Амини ауруханаға түсіп, есін жимаған күйі 16 қыркүйекте көз жұмды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, Аминидің денсаулығы жақсы болған және ешқашан жүрек ауруымен ауырмаған. Тегеран полициясы оны көшеде хиджаб кимегені үшін ұстаған. Иран мемлекеттік БАҚ-тарының хабарлауынша, ұстау орталығында қызға хиджаб киюдің әдептері үйретілген.

Соңғы кезде Иран консервативті режиммен келіспегендерді оның ішінде, әйелдер құқықтарын қорғаумен айналысқан белсенділерді қудалауды күшейткен. Саясатқа мүлде қатысы жоқ әйелдердің өздеріне де қысым жасалып жатыр. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап, өзін қорғауға тырысқан немесе жолдасының көзіне шөп салған әйелдерді дарға асу жазасын тағайындау жиілеген.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago