Павлодар облысындағы жол апатынан екі бала қаза тапты

Елордадан Өскеменге бет алған жолаушылар автобусы шұңқырға құлап кеткен. Салдарынан екі бала қаза тауып, тоғыз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Оқиға орнына үш жедел жәрдем көлігі мен апаттар медицинасы орталығының бір бригадасы жіберілді. Бірінші болып  Қалқаман ауылынан жеткен жедел жәрдем науқастарды қарады.

Көлікте 11 жолаушы болғаны анықталды. Оның алтауы – бала, бесеуі — ересек адам. Олар бір-біріне туыс болып келеді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2016 және 2008 жылғы туған кәмелеттік жасқа толмаған жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. 6 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оның ішінде үшеуі —  бала.

Жол апатына қатысты тексеру жұмыстары басталды.

Toyota Noah (минивэн) көлігін басқарған 31 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай қалып, көлік шұңқырға аударылып кеткен. Аталмыш факті тексерілуде,

деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ересектер № 1 қалалық ауруханаға, балалар облыстық балалар ауруханасына көптеген сынықтар мен жарақаттармен жеткізілген.

Бес адамның  ішінде екі ер азамат көптеген сынықтармен полижарақаттар бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек жарақаты мен бас миының шайқалуы тіркелді. Бірнеше жарақат алып, бас миы шайқалған екі әйел адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago