Дін

Хиджаб тақырыбын саясиландыру діннің өзіне қауіпті — министр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мектепке хиджабпен баруға рұқсат беру жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, біз кез келген мәселеде Ата Заңға сүйенгеніміз жөн және ол жерде еліміздің зайырлы екені анық жазылған.

Бірінші кезекте жалпы зайырлылық ұстанымын баса айтқан жөн. Себебі, біздің Ата Заңымыз бар, белгілі заңдар бар. Сондықтан, зайырлылық принципі – еліміздің басты ұстанымы. Екіншіден, кейбір қоғамдық пікір қалыптастырушылар манипуляцияға итермелейтін сияқты. Мысалы, кейбір желі қолданушылары «халықаралық тәжірибеде, әлемде бұл мәселе шешімін тапқан» деп үзілді-кесілді жазған екен. Меніңше, бұл — фейк ақпарат. Себебі дамыған, зайырлы, демократиялық Франция, Аустрия сияқты елдер жасына байланысты хиджабқа шектеу қойған. Әрине, рұқсат ететін елдер де бар. Сондықтан, біз бұған байланысты халықаралық тәжірибенің әртүрлі екенін көреміз. Әр түрлі мемлекеттің өзіне сай ұстанған бағыты бар, тәжірибесі бар. Біздің де өзіндік ұстаным-бағытымыз бар. Ол — зайырлылыққа және Ата Заңға бағыну,

деді министр YouTube платформасындағы «Өзекті» жобасында.

Д. Қыдырәлі Білім туралы заңда да мектеп формасы нақты бекітілгенін еске салды. Жақында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз пікірін айтқан еді.

Тағы бір айта кетерлік жағдай, біз діни сенім бостандығына да құрметпен қараймыз, мемлекетте оған барлық жағдай жасалған. Айталық, дін істері басқармаларына қарасты медресе-колледждер бар, соларда қыз балалардың білім алуына жағдай жасалған. Сонымен қатар, бұл мәселеге дәстүр тұрғысынан да қарайтындар бар. Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – оқыту, балаға білім беру. Құранның да алғашқы әмірі «Оқы» деп басталатынын білеміз. Ең бастысы, бұл тақырыпты саясиландырмау керек. Себебі, саясилану, радикалдану ең әуелі діннің өзіне қаншалықты қауіпті екенін біз Таяу Шығыстан немесе төңіректегі елдерден жақсы білеміз,

деді Дархан Қыдырәлі.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago