Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді
29.09.2023
Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін
29.09.2023
Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен
29.09.2023
Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр
29.09.2023
Қытай экспорты мен Қазақстан импортының алшақтығы 3,3 млрд доллар
29.09.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Дін > Хиджаб тақырыбын саясиландыру діннің өзіне қауіпті — министр
Дін

Хиджаб тақырыбын саясиландыру діннің өзіне қауіпті — министр

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 29.08.2023
Обновлено 29.08.2023 в 10:08
Поделиться
Поделиться

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мектепке хиджабпен баруға рұқсат беру жөнінде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, біз кез келген мәселеде Ата Заңға сүйенгеніміз жөн және ол жерде еліміздің зайырлы екені анық жазылған.

Бірінші кезекте жалпы зайырлылық ұстанымын баса айтқан жөн. Себебі, біздің Ата Заңымыз бар, белгілі заңдар бар. Сондықтан, зайырлылық принципі – еліміздің басты ұстанымы. Екіншіден, кейбір қоғамдық пікір қалыптастырушылар манипуляцияға итермелейтін сияқты. Мысалы, кейбір желі қолданушылары «халықаралық тәжірибеде, әлемде бұл мәселе шешімін тапқан» деп үзілді-кесілді жазған екен. Меніңше, бұл — фейк ақпарат. Себебі дамыған, зайырлы, демократиялық Франция, Аустрия сияқты елдер жасына байланысты хиджабқа шектеу қойған. Әрине, рұқсат ететін елдер де бар. Сондықтан, біз бұған байланысты халықаралық тәжірибенің әртүрлі екенін көреміз. Әр түрлі мемлекеттің өзіне сай ұстанған бағыты бар, тәжірибесі бар. Біздің де өзіндік ұстаным-бағытымыз бар. Ол — зайырлылыққа және Ата Заңға бағыну,

деді министр YouTube платформасындағы «Өзекті» жобасында.

Д. Қыдырәлі Білім туралы заңда да мектеп формасы нақты бекітілгенін еске салды. Жақында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз пікірін айтқан еді.

Тағы бір айта кетерлік жағдай, біз діни сенім бостандығына да құрметпен қараймыз, мемлекетте оған барлық жағдай жасалған. Айталық, дін істері басқармаларына қарасты медресе-колледждер бар, соларда қыз балалардың білім алуына жағдай жасалған. Сонымен қатар, бұл мәселеге дәстүр тұрғысынан да қарайтындар бар. Білім беру мекемелерінің басты мақсаты – оқыту, балаға білім беру. Құранның да алғашқы әмірі «Оқы» деп басталатынын білеміз. Ең бастысы, бұл тақырыпты саясиландырмау керек. Себебі, саясилану, радикалдану ең әуелі діннің өзіне қаншалықты қауіпті екенін біз Таяу Шығыстан немесе төңіректегі елдерден жақсы білеміз,

деді Дархан Қыдырәлі.
Анара Бауыржанқызы 29.08.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Жетісу облысында зейнеткер ұлын өлтірді
  • Ринат Зайытов депутаттық қызметінен айырылуы мүмкін
  • Балалар арасындағы суицид 47 пайызға өскен
  • Көлік салығын 328 мыңнан астам қазақстандық төлемей жүр
  • Қытай экспорты мен Қазақстан импортының алшақтығы 3,3 млрд доллар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамДін

Дінді айқай-шумен қорғамайды: Зайытовтың пікіріне Нұрлан имам пікір білдірді

28.09.2023
Дін

Қай заманда қазақтың қызы қара жамылып, бүркеніп еді

27.09.2023
РуханиятДін

Хиджабқа жол берсек, Ауғанстаннан нашар ел боламыз – жазушы

26.09.2023
Дін

Швейцарияда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салынды

22.09.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?