Алматыда өте қайғылы жағдай болды. Жергілікті «хостелдердің» бірінде 13 адам өрттен қаза тапты. Хостел бизнесімен 6 жыл айналысқан Шакир Исламбакиев ҚР стандартын көтеріп, хостелді жертөледе орналастыру заңбұзушылық екенін жазды.
Біріншіден, әрбір хостел есігіне белгі тағып қоя салып, хостел бола сала ма? Жертөлеге екі қабатты кереуеттерді жайғастырып немесе бір бөлмелі пәтерді төсектермен толтырып, хостел бола сала ма?,
деп сұрақ қоя отырып, Исламбакиев хостел ашу стандарттарымен таныстырды.
«Қазақстан Республикасының «хостелдерге қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ 2847-2016 ұлттық стандарты бар. Алғаш рет 2017 жылы енгізілді, бірінші тексеру мерзімі 2022 жыл. Тексеру жиілігі – 5 жыл.
Осы стандартқа сәйкес (5.7.3-тармақ) хостел тұрғын үйлерін цоколь немесе жертөле қабаттарына орналастыруға тыйым салынады. Өкінішке орай, Алматыда (және бүкіл Қазақстан бойынша) бұрын да, қазір де хостелдер жертөлелерде орналасып, еш кедергісіз жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ, тұрғын бөлмелерінің ауданы бойынша да ережелер бар. Бір төсекке кем дегенде 4 шаршы метр қажет. Тұрғын бөлмелердің биіктігі (еденнен төбеге дейін) кемінде 2,5 м болуы керек.
Дәліздердің, холлдардың биіктігі кемінде 2,1 м болуы керек. Жоғарғы кереуеттен (екі деңгейлі орналасу кезінде) төбеге дейінгі қашықтық кемінде 75 см болуы керек.
Бұған тағы жалпы қабылданған өрт қауіпсіздігі стандарттарын қосыңыз«, — деп жазды Шакир Исламбакиев.