Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның мүрдесі бар табыт Виндзор қамалының капелласында орналасқан қабірге түсірілді.
Монархтың мәйіті бар табыт оның күйеуі, Эдинбург герцогы ханзада Филипп 2021 жылғы 17 сәуірде жерленген сол қабірге түсірілді, деп жазды The Wall Street Journal. Кейін екі табыт та VI Джордж патшаның мемориалдық капелласына жеке жерлеу үшін ауыстырылады.
Жерлеу алдында патшайымның табытынан тәж, шар және аса таяғы алынды. Виндзор сарайының деканы реверенд Дэви Коннер монархияның рәміздерін капелладағы кішігірім шіркеу мехрабына қойды.
Виндзордағы патшайымның жаназасын шығару оның отбасысы мен саясаткерлер қатысуымен Кентербери архиепископы Джастин Уэлбидің дұғасымен аяқталды. Жерлеу рәсімі соңында Ұлыбританияның әнұраны шырқалды.

Ұлыбритания патшайымы II Елизаевта 8 қыркүйекте қайтыс болды.
Президент патшайымның қайтыс болғанына орай көңіл айтты.
II Елизаветаны жерлеу рәсіміне Қазақстан атынан кім қатысқаны белгілі болды.
Бұған дейін бір ғасырға жуық тарих куәсі болған II Елизавета қандай өмір сүргенін жазған едік.