Кәмелетке толмаған қазақстандықтардың шетелге шығу тәртібі өзгермек. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.
Министрдің сөзінше, адам саудагерлері халықаралық шараларға шақыру желеуімен балаларды елден алып кетіп жатыр.
Жоспарланған өзгерістер туралы Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты.
Іс жүзінде біз жыныстық және еңбек қанауы, бала асырап алу мақсатында жаңа туған балалардың саудасы, адам ағзаларының саудасы және қайыр сұрауға мәжбүрлеу сияқты қылмыстармен бетпе-бет келеміз. Қылмыс объектісіне айналатын көбіне балалар болғандықтан осы мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді. Сондықтан 16 жасқа толмаған азаматтардың Қазақстаннан кету тәртібі өзгереді,
деді ол.
Марат Ахметжанов балалардың шетелге шығуы бақыланатынын, ата-анасының рұқсатынсыз бөтен адам баланы шетелге әкете алмайтынын айтты.