Кәсіпкер Илон Маск 27 қазанда Twitter компаниясын сатып алғаннан кейін директорлар кеңесін таратты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Илон Маск Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес осыған дейін директор болған тұлғалар қызметін тоқтатты,
делінген құжаттардың бірінде.
Әлеуметтік желінің негізін қалаушылардың бірі Джек Дорси компаниядағы акциясының 2,4% үлесін сақтап қалды. Қазіргі уақытта оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.