Белгілі кәсіпкер Илон Маск өзінің Флоки атты итін Twitter-дің бас директоры етіп тағайындады.

Миллиардер өзінің жеке парақшасында иті Флокидің креслода отырған бірнеше суретін жариялап, дәл осы жұмысқа үй жануарының «мінсіз» сәйкес келетініне сенім білдірді.
Twitter-дің жаңа бас директоры қандай керемет еді. Басқа жігітке қарағанда әлдеқайда жақсы!
деп жазды Илон Маск.
Оның айтуынша, сиба-ину тұқымына жататын Флоки есімді ит сандарды жақсы біледі және өзіндік стилі бар.
Еске сала кетейік, бұған дейін миллиардер банкроттыққа ұшырап, соңғы үш айдың өзі үшін қиынға соққанын айтқан болатын.