Categories: Спорт

Илья Ильин ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келетінін айтты

Қазақстандық спортшы Илья Ильин еліміздің ауыр атлетика федерациясының басшысы болуға дайын екенін мәлімдеді.

Спортшы ауырт атлетика федерациясында бірқатар қиын мәселе бар екенін және соны шешкісі келетінін айтты.

Мен бұл жерде екі жыл кәсіби спортшы емес, спорт менеджері ретінде жұмыс істедім. Екі жыл бойы мен қарым-қатынас орнатып, командада кейбір мәселені шешіп келемін. Бір жылдан бері біз түсініксіз жағдайда жүрміз, ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жүрміз. Бір жарым жыл бұрын менеджер ретінде жұмысқа тұрғанда жаттықтырушылармен сөйлестім, ауқымды проблемалар болды, мәселені шешуге тырыстым. Бір жігіт асылып қалды… Бізге психологтар керегін айттым. Біз команда құруға міндеттіміз, өйткені қиындықтар бар. Кейін біз екіге, содан кейін үш бөлікке бөліндік. Өңірлерге барып, бапкерлермен жеті сағат сөйлесіп, спортқа қол сілтей салмауын түсіндіруге тура келді,

деді спортшы Илья Ильин.

Спортшы елге «медаль» көп әкелетін ауыр атлетика спорт түріне баса назар аударуға шақырды.

Мен қазір әріптестеріме, басшылыққа, Алтай Көлгіновке және Асхат Ораловқа жүгініп отырмын, шешім қабылдаңыз, өтінемін. Мен жетілдім, федерацияны өз командаммен бірге алуға дайынмын. Иә, менде миллион адам жоқ, мен бай емеспін, бірақ мен бұл спорттың қыр-сырын білемін. Қолдауыңызды сұраймын, тапсырмалар қойыңыз. Олимпиада чемпионын таңдайық,

деді Илья Ильин.

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жауап ретінде бұл мәселені Ильинмен бөлек талқылауға дайын екенін айтты.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

18 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago