Categories: Қоғам

Таразда дәрігерлердің жаңа туған нәрестені кімге және қаншаға сатқаны анықталды

Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтаған болатын.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады.

Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды,

делінген хабарламада.

Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз: Таразда дәрігерлер сәби саудалады деген күдікке ілінді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

17 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

17 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

17 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

17 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

19 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago