Ешқандай да ата келіп, біздің елді Норвегия жасап бермейді.
21 ші ғасырда тіпті, ұят емес пе? Мешітке жиналып алып, тоңқайып бір ақсақалды күту деген.
Билікті жұмыс істету керек. Бітті, басқа жолы жоқ!
Билік жақсы жұмыс істеуі үшін мықты азаматтық белсенді қоғам керек. Халық белсенді болмай ма, бітті.
Билік өз білгенін істеп, лағып кетеді.
Белсенді қоғам бірігіп, қысым жасау арқылы ғана билікті жұмыс істете алады.
Билік белсенді қоғамды қалыптастырмауға әрине, тырысады,
Репрессия жасайды, қудалайды.
Бірақ бұдан да өткен, бұдан да қатаң режимдерді жеңіп шығып, мықты мемлекет құрып алып, рақат өмір сүріп жатқан мемлекеттер жетеді ғой.
- Бізде екінің бірі қорқақ.
- Екінің бірі жағымпаз сорлы.
Бізден кейін де замандар, ғасырлар бар ғой, жігіттер. Ұрпақтарымыз, немере, шөбере, шөпшектеріміз осы далада бақытты өмір сүруі керек қой.
Ойлансаңдаршы.
Medet Arystan
