Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Денсаулық > Инсульттен сақтайтын ақылды тақия жасалды
Денсаулық

Инсульттен сақтайтын ақылды тақия жасалды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.10.2023
Обновлено 19.10.2023 в 12:10
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Жыл сайын әлемде миллиондаған адам инсульттен зардап шегеді. Инсульт ұйыған қан мидың қан тамырларын бітеп тастауынан пайда болады.

Әлемдегі қауіпті неврологиялық аурудың түрі инсульт екені белгілі. Оның алдын алу науқастың өмірін сақтайды. Голландиялық ғалымдар ойлап тапқан сенсор туралы medicalxpress.com сайты арнайы материал жариялады. Aikyn.kz сол мақалаға сілтеме жасай отырып, жаңа сенсорлы тақияның жұмыс істеу принципімен таныстырады.

Жыл сайын бүкіл әлемде миллиондаған адам инсульттен зардап шегеді. Инсульттің ишемиялық түрі ұйыған қан мидың қан тамырларын бітеп тастаған кезде пайда болады.

Салдарынан мидың бір бөлігіне қан бармайды немесе жеткіліксіз болады. Инсульттен болатын мүгедектіктің немесе өлімнің алдын алуда дер кезінде жүргізілген емдеу маңызды.

29 қазан – Бүкіләлемдік инсультпен күрес күні деп жарияланған. Қазақ елінде жылына 40 мың адам инсульт алып, оның 5 мыңы алғашқы он күнде қайтыс болады, 24 мыңы мүгедек болып қалады.

Бұл – өте ауыр статистика. Сондықтан голландиялық ғалымдардың ақылды тақиясын еліміздің денсаулық сақтау ұйымдары да сатып алып қолданса, қаншама адамның өмірін сақтап, мүгедектіктің алдын алуға болар еді.

Голландиялық ғалымдар ойлап тапқан арнайы сенсор инсультті жедел жәрдем көлігінде анықтауға және пациентке тиісті емді жылдам қабылдауға мүмкіндік береді.

Сенсорлы тақияны ойлап тапқан Амстердамның UMC невропатологі Джонатан Коутиньо былай дейді: «Біздің зерттеулеріміз ми толқындарын анықтайтын тақия ауыр ишемиялық инсульт алған науқастарды үлкен дәлдікпен анықтауға болатынын көрсетеді. Бұл өте жақсы жаңалық, өйткені тақия науқастарды тікелей ауруханаға жеткізу арқылы олардың өмірін сақтап қалуы мүмкін».

2018 және 2022 жылдар аралығында ақылды тақияның көмегімен 400-ге жуық пациенттің деректері жиналып, 12 голландиялық жедел жәрдем көлігінде сынақтан өтті. Зерттеу көрсеткендей, ми толқынының зерттеу тақиясы ауыр ишемиялық инсульт алған науқастарды үлкен дәлдікпен анықтайды.

Ми толқындарына талдау жасау арқылы дәрігерлер ишемиялық инсульттің бар-жоғын және мидағы бітеліп қалған қан тамырлардың үлкен немесе кішкентай екенін біле алады. Осылайша, ауруды емдеу тәсілдері жылдам таңдалады: кішігірім ишемиялық инсульт үшін науқас қанды сұйылтатын дәрі қабылдайды, бірақ үлкен ишемиялық инсульт кезінде тромбты мамандандырылған ауруханада механикалық жолмен алып тасталады.

ТЕГи: Геосаясат, Руханият
Сая Манарбековна 19.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Спорт

«Елдос бұлқан-талқан болды»: Сметовтың бапкері Олимпиада алдындағы іріктеу жайлы айтты

02.08.2024
Қоғам

Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені

19.06.2024
РуханиятБілім

Қазақстан совет мультфильмдерін қазақшаламақ

06.06.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?