Tpo10VPN.com 2022 жылы интернетті әдейі өшіріп, салдарынан зардап шеккен 23 елдің тізімін жариялады.
Портал статистикасына сәйкес, тізімді Ресей бастап тұр. 2022 жылы бұл елде интернет 7407 сағатқа өшіп, салдарынан 113 миллион адамға зиянын берді. Жалпы 21,59 миллиард доллар шығын әкелді.
Бұл көрсеткіш Ресей армиясы Украинаға басып кіргеннен кейін Кремльдің Facebook, Facebook және Twitter-ге тыйым салуымен байланысты болды.
Қазақстан аталмыш рейтиңгіде үшінші орында тұр. Қазақстан интернетті өшіру салдарынан 410,30 миллиард долларға шығындалды. Мамандар мұны Қаңтар оқиғасымен байланыстырады, себебі сол уақытта елде бірнеше күн бойы интернет бұғатталған болатын.
Өткен жылы Өзбекстанда интернет 5630 сағатқа өшірілді, бұл 1 миллион адамға әсер етті. Мұны шамамен 280 000 адам сезінді. Ел экономикасы 219,7 миллион доллар шығынға ұшырады. Портал «билік Қарақалпақстандағы наразылықтар мен шаралардың күшеюі туралы ақпараттың кеңінен таралуына жол бермеу үшін интернетті өшірді»деп түсіндірді.
Тәжікстан Интернеттің үзілуінен ең көп зардап шеккен 23 елдің тізімінде 19-орында. Бұл елде 2022 жылы интернет 936 сағатқа өшіп, 2,1 миллион адамға зиян тигізеді. Портал Тәжікстан үкіметі өткен жылдың мамыр айында Таулы-Бадахшан автономиялық облысында «терроризмге қарсы операция» жүргізген кезде Интернетке кіруді шектегенін хабарлады.