Өскеменде боди-массаж салонының заңсыз қызметі жойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласында жалпы массажды желеу еткен боди-массаж деп аталатын заңсыз салонды анықтаған. Онда қыздар эротика сипатындағы интим қызмет көрсеткен.
Видеодан бір бөлмеде «массажға» арналған он шақты төсектің болғанын көруге болады.
Қызмет құны 15-20 мың теңге болған. Клиенттерді 39 жастағы әкімші әйел интернет арқылы тауып отырған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, әйел бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сонымен қатар 18 бен 31 жас аралығындағы төрт салон қызметкері ұсталды.