Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Иран былтыр өлім жазасына кесілген 582 адамды өлтірді
Шетел басылымына шолу

Иран былтыр өлім жазасына кесілген 582 адамды өлтірді

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 20.04.2023
Обновлено 20.04.2023 в 05:04
Поделиться
Поделиться

2022 жылы Иранда өлім жазасына кесілген 582 адам өлтірілген. Ал 2023 жылғы үш жарым айда ғана 151 ең ауыр жаза орындалған.

Бұл туралы Iran Human Rights пен Together Against the Death Penalty ұйымдарының бірлескен есебінде хабарланды.

Құжат авторларының жазуынша, ең ауыр жазамен өлтірілген 511 адамның үкімі көпшілікке хабарланбаған, Иран билігі 71 адамға өлім жазасы шығарылғанын ғана жариялаған. Адам құқықтарын қорғаушылар ең ауыр жазаға кесілгендер арасында кем дегенде 16 әйел мен үш кәмелет жасқа толмаған азамат болғанын айтып отыр.

Кем дегенде 288 жаза (барлық өлім жазасының 49 пайызы) кісі өлтіру қылмысына байланысты, кем дегенде 256 жаза (44 пайыз) есірткі саудасына қатысты қылмыстық іс аясында шығарылған. Есірткіге қатысты үкімдердің үшеуі ғана ресми түрде хабарланған.

Есеп авторлары 15 адам «Құдайға қарсы соғыс жүргізу» айыбымен өлім жазасына кесілгенін анықтады. Осы айыппен Ирандағы наразылыққа қатысқан екі адам және бір күрд саяси тұтқыны өлтірілген.

Иранда өлім жазасы көбейіп кеткенін аңғарған құқық қорғаушылар билік ең ауыр жазаны халықты қорқынышта ұстау арқылы жүйені ұстап қалу үшін пайдаланып отыр деп есептейді.

Есеп авторлары 2023 жылғы үш жарым айда ғана Иранда ең ауыр жазаға кесілген 151 адамды өлтіргенін айтып отыр.

Иранда жаппай наразылық 2022 жылғы қыркүйектің ортасында басталды. Баскөтерулерге хиджабты «дұрыс кимегені» үшін ұсталған 22 жастағы Махса Әминидің қазасы түрткі болды. Наразылық акциясына шыққандар бойжеткеннің өліміне полицияны айыптады. Екі айдағы наразылық кезінде 300-ден аса адам қаза болып, 15 мыңға жуық адам ұсталды. Әминидің қазасы туралы жазған журналистер Нилуфар Хамеди мен Элаэ Мохаммади өлім жазасына кесілуі мүмкін екені мәлім болды. Иран билігі оларды мемлекетті сатты, АҚШ арнайы қызметіне жұмыс істеді деп айыптады. Жүйе елдегі наразылықтар туралы мәліметтің шетелге таралуына тосқауыл қоюға тырысты. Иранда 40-тан аса журналист ұсталды, бостандықтағы тілшілер артына тыңшы түскенін, телефондары тыңдалатынын айтты.

Арман Ерғалиев 20.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҒылымШетел басылымына шолуШолу

«Роскосмостың» күні бітуге жақын

05.03.2024
Шетел басылымына шолу

Түркіменстанда қайыршы көбейді

29.02.2024
Шетел басылымына шолуСаясат

Лукашенко тағы да сайлауға қатысатынын мәлімдеді

26.02.2024
Шетел басылымына шолуСаясат

Рамзан Қадыров 18 жастағы ұлын министр етіп қойды

20.02.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?