Шетел басылымына шолу

Иран жыл басынан бері 17 әйелді дарға асты

Иранда 2023 жылдың басынан бері дарға асылған он жетінші әйел Самира Сабзиян.

Күйеуін өлтіріп Иранда «бала келін» атанған 29 жастағы Самира Сабзиан дарға асылды. Ол 10 жыл бұрын өлім жазасына кесілген. Бұл туралы The Times басылымы Iran Human Rights құқық қорғау ұйымына жария етті.

2009 жылы 15 жасар Самира жасы үлкен адамға тұрмысқа шығуға мәжбүр болып, туыстарының айтуынша, кейіннен жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған. 19 жасында оған күйеуін өлтірді деген айып тағылды. Сот өлім жазасын тағайындады, бірақ оның орындалуы бюрократиялық себептерге байланысты жүйелі түрде кейінге қалдырылды. Бойжеткен қатаң режимдегі түрмеге жіберіліп, 10 жыл бойы өлім жазасын күтумен болды.

Тұтқынға алынған кезде Самира Сабзианның екі баласы және ішінде сәбиі болды. Оған балаларымен он жылдан кейін тек бір рет – желтоқсан айының басында, өлім жазасына кесілгенге дейін кездесуге рұқсат берілді.

Айта кетейік, Иранда қыздардың заңды некеге тұру жасы 13 жас, бірақ әкесінің немесе атасының келісімімен олар одан да ерте тұрмысқа шыға алады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, Иран әйелдерді өлім жазасына кесу бойынша әлемдік рекордқа ие. Олардың мәліметінше, Самира Сабзиан 2023 жылдың басынан бері дарға асылған он жетінші әйел болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago