Ирандық шахматшы Сара Хадем Алматыда өткен әлем чемпионаты кезінде орамалын неге шешкенін айтты.
Испанияның El Pais газетінде жексенбіде жарияланған сұхбатында 25 жастағы спортшы хиджабпен өзін жайсыз сезінетінін айтқан. Шахматшының айтуынша, ол Алматыдағы турнир алдында «тек камералар болса ғана орамал тағамын, себебі Иранның атынан қатысамын» деген.
Алайда мен хиджабта өзімді жайсыз сезінемін. Сондықтан бұл жағдайды тоқтатқым келді. Енді орамал тақпаймын деп шештім,
деді Хадем.
Бұл ирандық спортшының Испанияға көшкеннен кейін Алматыдағы жанжалды эпизод туралы көпшілік алдында айтқан алғашқы пікірі.
Басылым ирандық спортшылар халықаралық жарыстарда, өз намысын қорғаған кезде қатаң дресс-кодты сақтауға міндетті екенін атап өтті. Бұл негізінен қыздардың көшеге басын жауып шығуы туралы.
Былтыр желтоқсанда Алматыда өткен рапид және блиц шахматтан әлем чемпионатында Сара Хадем бұл талапты бұзып, орамал тағудан бас тартқан. Турнирден кейін ирандық өз еліне емес, Испанияға ұшып, сонда қалды.
Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…
ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…
Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…
23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…
Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…