Raim Желіде сынағандарға жауап берді

Өзінен 12 жас үлкен Ерке Есмаханмен некесін қидырған белгілі әнші Raim Желіде сынағандарға жауап берді.

«Қазақ елі, былтырғы қаңтарға қарағанда биылғы қаңтар қуанышты ғой. Былтыр соғыс болып, адам өліп, еліміз, жеріміз қанға боялғанын ұмыттыңыздар ма?

Әр адамның өткен-кеткені бар. Өздеріңіз мінсіз адамдай, артымызға неге сонша түсіп алдыңыздар? Іздесек әрқайсыңыздың кем тұстарыңыз бар. Пендешілікке салынбаңыздар»,

деп жазды әнші жігіт.

Оның айтуынша, адамның айтқаны емес, Алланың дегені болады және некелі отбасының ортасына намысы, тәрбиесі, қасиеті жоқ есі кеткен адам ғана түседі.

«Біз некеміз қиылған жанұямыз. Намыс, тәрбие, қасиет жоқ есі кеткен адам ғана отбасының ортасына түседі. Сондай адамның қатарынан болып, Алланың қаһарына қалмаңыздар.

Естігілеріңіз келсе айтайын. Біз шаршадық. Өнерден, өмірден айырылсақ та, махаббатымыздан айырыла алмайтынымызды нық білеміз. Өтініш тоқтатыңыздар!», — деп толықтырды әнші. 

Айта кетейік, жұма күні кешке өнерлі жұптың мұсылманша неке қидырғандары белгілі болды. Бұл жаңалықпен алғаш болып айтыскер, ақын Айнұр Тұрсынбаева бөлісті.

«Ал ең алғашқы эксклюзив фото! Қасиетті жұма күні ақ некесі қиылған екі жасқа @erke_esmahan @raimusican екі дүниенің бақытын тілейміз…. Жақсы адамдар жақсы тілегін айтады… Барлық әйел бақытты болу керек! Ардақты Хадиша анамыз Пайғамбардан 15 жас үлкен болғанын білесіздер… Әрі бай, әрі сұлу, әрі ақылды анамыз туралы «Барлық жұрт менен теріс айналған, маған сенген жалғыз Хадиша болатын» деп сүйсініп өмірінің соңына дейін аялаған екен… Әрбір жазылған тілек, әрбір сөз өзімізге қайтатынын ұмытпайық… Өз басым барлық адам бақытты болса деймін… Қателескен адам емес тәубаға келген адам сүйкімді мен үшін… Құлаған адам жерде жатып қалмай еңсесін көтеріп тұруға қақы бар шығар?! @erke_esmahan -ның 80 нен асқан анасы барлық пікірді оқып отырады… Аналардың жүрегіне қаяу салмай ақ тілегімізді арнап жіберейікші… Үбірлі шүбірлі болсын, әмин!», делінген жазбада.

Ерке Есмахан Instagram-дағы сторисіне мешітте түскен фотоны жүктеп, неке қиғаны туралы жаңалықты өлеңмен жеткізді.

“Бақ тілеп біреу сүйінді.
Ғайбаттап біреу күйінді…
Адамды Алла қоспай ма,
Кім ұқсын менің күйімді.
Батыстан ұшқан аққу ем,
Батыстан таптым үйімді.
Ақ мешітінде Оралдың,
Ақ некеміз қиылды…
Алладан алған сыйымды.
Хадиша салған жолменен,
Басыма бақыт бұйырды…”

Осы жағдай біздің арамыздағы, сыйластық, сенім, махаббат, қолдау-қорғау, құштарлық сезімдерінің бәрін одан сайын күшейтті!

деп жазды әнші.

Бұған дейін Raim-ның жеті жыл жүрген қызы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

12 часов ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago