Ирандық альпинист Эльназ Рекаби Сеулде өтіп жатқан Азия чемпионатында хиджабсыз өнер көрсетті. Осылайша ол Ирандағы наразылыққа қолдау білдірді. Енді ол өз елінде қылмыстық қудалауға ұшырау қаупі бар.
Hindustan Times басылымның хабарлауынша, бұл ирандық спортшының хиджабсыз 43 жылдағы алғашқы өнер көрсетуі. 1983 жылы қабылданған Иран заңына сәйкес, қоғамдық орындарға хиджабсыз шығу үшін бас бостандығынан айыру жазасы және айыппұл салу көзделген.
Рекаби бұл қадамға 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін басталған жаппай наразылықтарға қолдау көрсету белгісі ретінде барған. Махса хиджабты дұрыс кимегені үшін ирандық “ар-ұят» полициясы тарапынан соққыға ұшыраған еді.
2022 жылғы Азия чемпионатында Рекаби төртінші орын алды.
Еске салсақ, Махса Аминидің өліміне қатысты наразылықтар қыз жерленген күні 16 қыркүйекте басталып, бірнеше қалаларды, соның ішінде Иран астанасы Тегеранды да қамтыды.
Наразылықтар шеруі Ирандағы аятолла билігін шайқалтуы мүмкін екенін сарапшылар болжап жатыр.