Оқиға

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы концерт кезінде қайтыс болды

Шамамен 30 минуттан кейін оның кенеттен қайтыс болғаны жарияланып, концерт тоқтатылды.

«Ирина Кайратовна» тобының жас мобилографы Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Жас жігіт топтың өнер көрсетуі алдында көрермендерді қыздырып жатқан диджейді түсіріп жатқан, кенет есінен танып құлап қалған. Көмекшілер сахнаға тез жүгіріп шығып, көмек көрсетуге тырысты, содан кейін оны сахнаның артына алып кетті. Шамамен 30 минуттан кейін оның кенеттен қайтыс болғаны жарияланып, концерт тоқтатылды.

Топ өкілдері сахнаға шығып, жанкүйерлерінен кешірім сұрап, концерттің тоқтатылатынын мәлімдеді.

Мобилографтың жасы небәрі – 21-де. Есімі – Шахназ Жылқайдаров.

Осыған байланысты Астанада 14-15 қазанға жоспарланған концерттер өткізілмейді. Шахназдың отбасына ИК командасы барынша қолдау, көмек көрсетеді.

Біз оның талантына және мейірімділігіне бас иеміз. Әрі есіміне құрмет ретінде әр концертімізде оны еске алатын боламыз,

деп жазды Ирина Кайратовна тобы өзінің парақшасында.

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті қаза тапқан 21 жастағы мобилографтың өлімі туралы пікір білдірді.

Ақпаратта атап өтілгендей, 2023 жылдың 14 қазанында сағат 20:23-те 103 нөміріне екінші санатты жедел жәрдем шақырту түскен. Жедел жәрдем бригадасы сағат 20:33-те жеткен, осы уақытқа дейін жасөспірімнің жағдайы анықталды. Ол есінен танып қалған күйде болған. Нәтижесінде дәрігерлер биологиялық өлім орын алғанын білді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago