Маңызды

Өңірлерде су тасқынына қарсы белсенді шаралар жүргізілуде

Ауа температурасының күрт жылынуы және қардың тез еруіне байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінде су тасқыны жағдайы күрделене түсті.

Ең күрделі жағдай Ақтөбе және Қостанай облыстарында орын алды. Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты елімізде ТЖМ мен өңірлерде жедел штабтардың жұмыс істеуде. Жедел желі телефоны іске қосылды: : ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД  8 711 2 55 40 88,

деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

11 өңірде әкімдіктер мен ТЖД өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Су айдындары мен су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Еріген қар суымен күресу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарына Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен 52859, 20982 әскери бөлімдерінен 220-ға жуық жеке құрам мен 25-тен астам техникадан қосымша күштер мен құралдар жіберілді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1,5 мыңға жуық адам, 500-ден астам техника, 200-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы жұмылдырылды.

ТЖМ мен әкімдіктердің жұмылдырылған күштері мен құралдары 320 мыңнан астам текше метр су сорылды, интерентті материалдар салынған 7 мыңнан астам қап төселді. Ең қауіпті учаскелерде нығайту жұмыстары жүргізілуде. 

Ақтөбе облысындағы Шұбарқұдық ауылында су басқан 5 жеке тұрғын үйден, 34 аула аумағынан суды сорып шығару жұмыстары жалғасуда. Жалпы облыс бойынша су басқан үйлер мен аула аумақтарынан 51 мыңнан астам текше метр еріген қар суы сорылды, инертті материалдар салынған 7,9  мыңнан астам қап төселді. 543 текше метр қар шығарылды. 

Қостанай облысының Қостанай, Арқалық қалаларында, Амангелді және Жангелді аудандарында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Арқалық қаласында 20 аула аумағы, оның ішінде 12 жеке тұрғын үй су астында қалды. Үздіксіз жүргізілген су сору жұмыстарының нәтижесінде Арқалық қаласының тұрғын үйлерінен су толығымен шығарылды. Барлығы 6848 текше метр су сорылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

7 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago