Қоғам

Шымкенттің «ең адал полицейі» пара алды деп айыпталды

Шымкенттік полицей Азамат Айымбетов тергеу кезінде қамауда отырады.

Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдікті Азамат Айымбетовті екі ай қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды. Сот қаулысы күшіне енді,

деп хабарлады сейсенбі күні Шымкент қалалық соты.

Естеріңізге сала кетейік, 21 наурызда Шымкентте Айымбетов «ақша бопсалады, пара алды» деген күдікпен ұсталған.

2022 жылы Айымбетов өзінің бастығы Мұхтар Бұхарбаевтың үстінен арыз түсіріп, оны әуе билеттері, жиһаз, шырша және басқа да қымбат сыйлық сатып алуға мәжбүрледі деп айыптаған.

Мен ішкі істер органдарында 10 жылға жуық жұмыс істеймін. Осы уақыт аралығында менің адалдығыма ешкім күдіктенген емес,

деп мәлімдеген Айымбетов.

Оның адвокаты қорғауындағы азаматты «ең адал полицей» деп есептейді. Айымбетов кезінде сыбайлыс жемқорлықпен күрес қызметінің сыйлығына ие болған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

1 день ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago