Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > «Ішкиімдері де жоқ». Түркістан облысында немере ағасы екі қарындасын күң еткен
Қоғам

«Ішкиімдері де жоқ». Түркістан облысында немере ағасы екі қарындасын күң еткен

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 07.09.2023
Обновлено 07.09.2023 в 03:09
Поделиться
Поделиться

Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары «Көреміз» бағдарламасына айтқан, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысының тұрғындары Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина 11 жыл бір партада отырған сыныптастарының жай-күйіне алаңдап, бағдарламаға жүгінген. Олардың сөзінше, сыныптастарын туған ағасы еңбек құлдығына жеккен. 

Екі қыздың бірі Назгүл 1991 жылы, екіншісі Құндыз 1996 жылы дүниеге келген. Екеуі де Мұхтар Шаханов атындағы мектепті бітірген. Қыздардың бірінің сыныптасы Гүлсімжан оларды мектеп бітіргелі көрмегенін, бірақ мектеп кезінде мұндай болмағанын айтады.

Қыздар тек нан мен су ішеміз дейді. Қыздардың үстіндерінде майка мен шалбар ғана. Ішінде ішкиім де жоқ. Не төбесі, не астарында ішкиімдері жоқ. Үйді толық аралағанда, тіс щеткасы мен паста, сабын, басын жуатын сусабын көрмедім. Үстерінен қоңырсық иіс шығып тұр,

дейді қыздардың бірінің сыныптасы Айша Мұстафина да.
Қыздардың мектеп кезіндегі суреттері/»Көреміз» бағдарламасынан алынған кадрлар
Қыздардың мектеп кезіндегі суреттері/»Көреміз» бағдарламасынан алынған кадрлар

Апалы-сіңілі мектеп кезінен адам танымастай өзгерген.

Шынымды айтсам, танымай қалдым. Сүйек болып кеткен. Арқасы бүкірейіп кеткен. Мектеп кезінде олар ондай емес еді. Түрі әдемі, сабаққа барып-келетін қыздар еді. Үстерінің бәрі жара, шаштарын қысқа алып тастаған. Малды да, итті де олай қорламаймыз ғой,

дейді сыныптасы Гүлсімжан Әділжан.

Қыздардың мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, мемлекеттен жәрдемақы бөлінген. Гүлсімжан Әділжанның сөзінше, ағасы екі қарындасына бөлінген қаражатты алып, оның үстіне күн ыстықта мал бақтырады.

Ал қыздардың тағы бір сыныптасы Айша Мұстафинаның сөзінше, апалы-сіңілінің анасы аурушаң болған, әкелері қайтыс болған. Айша Мұстафина қыздар анасы бар кезде таза жүретінін, 9-10-сынып оқып жүрген кезде аналары қайтыс болып, ағасы қолына алғанын, содан бастап жағдайлары нашарлағанын айтады.

Қазір апалы-сіңілі адамсенгісіз жағдайда өмір сүріп жатыр екен. 

Қорада малшыға арналған үй салынған. Соның ішінде. Азаннан кешке дейін мал бағады. «Айлығымызды басшы береді. Бірақ ағам алады» деп отыр. Екеуі дүкенге барған емес. Ішкиімдері де жоқ. Құндыздың беті жара-жара. Таяқ жеген шығар деп ойладық. Ішін ашып көрдік, ішкиім жоқ. «Астарыңда ішкиім бар ма?» дедік, ашып көрсетіп жатыр, жоқ. Мына заманда ішкиімсіз өмір сүру дегенді білмеймін. Бұл қыздардың зейнетақысы бар, жұмыс істеп жатыр,

дейді сыныптастары.

Қыздарды алғашында Қанат Әбілдаев есімді немере ағасы қолына алған. Ал оларға Үкіметтен үй де берілген. Алайда олардың немере ағасы Қанат Әбілдаев үйден бас тартқан. Қанат Әбілдаев қолында тұрған кезде қыздардың жағдайы қандай болғанын айтты.

Оқушы тұғын. Жағдайлары орташа еді. Денсаулықтарында кінәрат болды. Сөйлемейтін, тұйық еді. Ақыл-есі шамалы кемдеу еді. Дәрігер қойды (диагнозды — еск.). «Бастары істемей қалады, ұмытып қалады» деді. Екі қыз тіркеуде тұр. Мектеп бітіргеннен кейін болды. Дәрілер ішіп жүретін. 2016 жылдан кейін көрген жоқпын,

дейді ол.

Қанаттың қолынан кейін қыздарды Сәулебек Әбілдаев есімді немере ағалары алып кеткен. Алғашында бала бағысуға көмекке деп алып, кейін біржола әкеткен.

Бұл қыздар қолыма келгеніне 7 жылдай болды. Ауырады. Өзімнің жауапкершілігім болғаннан кейін қасымда ұстаймын. Мемлекеттен ақша бөлінеді, біреуіне 89 мың, біреуіне 71 мың. Әрдайым ауруханаға апарып тексеріп тұрамыз. Кішкентайы туберкулез болғаннан кейін келіншегім жұғады деп қорықты,

деп түсіндірді ол қыздардың бөлек тұруын себебін.

Ал қыздардың қазіргі жағдайы адамшошырлық күйде.

Анара Бауыржанқызы 07.09.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?