Олар көбінде 50 мыңнан 1 млн оқырмандары бар парақшалар
«ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Ислам», «Құран» және «Мұсылмандар» деген сөздер кездесетін бірқатар пабликтер бұғатталып жатыр. Парақшаның бірі 1 миллионға жуық оқырман жинап үлгерген, деп хабарлайды ORDA порталы
Қауымдастықтар жұмысына ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өтініші бойынша тыйым салынды. Алайда ведомство бұл туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Әдетте аталмыш қауымдастықтардың жұмысына тыйым салу ҚР заңнамасына қарама-қайшы келетін материалдарды тарату кезінде жүзеге асады. Мысалы экстремизмді насихаттайтын жариялымдарға тыйым салынған. Алайда бұл пабликтерден көбінесе қызықты мәтіндер мен суреттерді көруге болады. Олардың бірінде мұсылмандар бір-бірімен танысса, екіншісінде ақпарат бір жылдан бері жаңартылмаған.