Шетел басылымына шолу

Ит тауда көз жұмған иесін 2 ай бойы күзетіп жанында отырған

71 жастағы Рич Мур 19 тамызда иті Финнимен бірге Колорадо штатындағы Пагоса-Спрингстегі үйінен шығып кеткен. Тәжірибелі саяхатшы теңіз деңгейінен 12 500 фут биікте орналасқан Блэкхед шыңына шығуды жоспарлаған.

Аталмыш шыңға шығу үлкен күш-жігерді қажет етеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі All That’s Interesting сайтына сілтеме жасап.

Олар үйден кеткенде күн жылы, ауа райы ашық болды. Мур мен Финни кешке үйіне оралмағасын жақындары олардың жоғалып кеткенін хабарлаған.

Іздестіру шаралары жүргізілгенімен, құтқарушылар ит пен иесін таба алмаған.

Кейінірек Рич Мурдың тауда қайтыс болғаны хабарланды. 30 қазанда жергілікті аңшы өзен бассейнінің маңынан Рич Мурдың денесін тауып алған.

Адал ит иесінің денесін екі айдан астам уақыт бойы күзетіп тұрған.

Иесімен бірге тауға шығып әбден үйренген ит тышқан, ала тышқан сынды ұсақ аңдарды аулаған.

Арчулета округінің коронері Брэд Хант The Washington Post басылымына Рич Мурдың суық тиіп қайтыс болғанын айтты. Оның үстінде капюшоны бар мақта күрте ғана болған.

Таудағы температура тамыз айының өзінде қауіпті төмен деңгейге жетуі мүмкін.

Пагоса-Спрингсте ауа райы жылы болғанымен, тауда айтарлықтай суық болды,

деді Хант.

Құтқарушылардың айтуынша, Рич Мур мен Финниді іздеу жұмыстары тамыз айында 2000 сағатқа созылған.

Ақырында іздеу жұмыстары тоқтады.

Мәйітті жергілікті аңшы қазан айында шыңнан шығысқа қарай екі мильден астам жерде, іздеу жүргізілген жерге қарама-қарсы бағыттан тауып алған.

Ер адамның неліктен бұл жолға түскені белгісіз.

Ханттың айтуынша, Рич Мур адасып, бағдарын жоғалтып алған сияқты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago