Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз Әсем Жарбосын қайтыс болды. Бұл туралы L’Occhio di Salerno хабарлады.
Басылымның мәліметінше, оқиға 17 қаңтарда Станислао Листа көшесінде, Джузеппе Верди опера театрының маңында болған. Салерно университетінің 27 жастағы докторанты көшеден өтіп бара жатқан. Сол кезде 20 жастағы жүргізуші тізгіндеп бара жатқан Peugeot 308 жүргізушісі оны жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен.

Жүргізуші бірден алғашқы көмек беруге тырысқан. Алайда Қызыл крест пен Humanitas өкілдері қазақстандық студент қайтыс болғанын анықтаған. Жүргізуші жігіт ішімдік тестін тапсырған. Нәтижесі теріс болып шыққан.
Полиция жол апатын тергеуді бастады.
Марқұмның оқыған университеті ректоры отбасына көңіл айтты.
Салерно университетінің ректоры Винченцо Лойя және бүкіл жұртшылық Әсем Жарбосынның қайтыс болуына байланысты қайғыра көңіл айтады. Университеттегі барлығымыз туыстары мен достарының қайғысына ортақпыз,
делінген хабарламада.