Categories: Экономика

Қиялға ерік бермейік: қаржыны кез келген адам немесе отбасы үнемдей алмайды

Үнемдеу дегеніміз ол – жинау. Ал, артық қор жинау үшін бір айдағы табысың алдымен үйдегі әр адамның айлық күнкөрісіне кететін шығынды жабуы керек. Ол не шығын? Ол – сіз бен біз тұтынатын күнделікті ас-су, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен басқа да тұтынатын қызметтер.

Қазақстанда бір адамның тұтынуына кететін шекті сома бар. Оның мөлшері – 40 567 теңге. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл бір адамның 1 айда күнкөрісіне қажет ақша.

Экономист, қаржыгер Сапарбай Жобаевтың кеңесін қаржылық сауат телеграм арнасы жариялады.

Қазақстанда тұтынудың ең төменгі шегі – 40 мың деп есептеледі. Ал, әрбір адамға есептегенде табыс жалақың төмен болса, онда сенің үнемдеуге мүмкіндігің жоқ. Мәселен, 5 мүшесі бар семьяға 200 мың жетеді. Одан жоғарғысын сен үнемдесең болады. Бұл – ең бірінші қағида. Ал, егерде біреулер 100 мың алып, семья мүшесі төрт-бесеу болатын болса, ақша үнемдеу деген нәрсені оларға айтудың қажеті жоқ. Ол адамдарға үкімет жәрдем беруі керек. Үкіметтің функциясы – сол.

Біздің қоғамда табысы жақсы болса да, оны дұрыс жеткізе алмайтындар көп.

Бір адамның бір айда тұтынатын сомасы 40 мың дедік қой, біреулер 120 мыңды да тұтынып, жеткізе алмай жүреді. Бұл дұрыс емес. Неге? Өзім қазақ болған соң айта берем, құдалық дейді, шілдехана дейді, туған күн дейді, сондайларға қолдағы қаражатын көптеп жібереді де, жақсы табыс тапса да ақшасы жетпей жүретіндер бар.

Әрине, «айфон алма», «тойға барма» деп ешкім ешкімді шектей алмайды. Бірақ, маманның ақыл-кеңесі артықтық етпесі анық. Ол әркімнің қабылдауына байланысты.

Ал, енді ақшасы барлар не істеу керек?

Сарапшының айтуынша, ортаңқол халық үшін артық ауысқан ақшадан қор жинаудың ең дұрыс жолы – банктің депозитіне салу. Себебі, Ұлттық банктің бүгінгі базалық ставкасы теңгелей салымдардың табысын еселеуге жақсы мүмкіндік беріп отыр.

Егерде ақшаң көбірек болса, мысалы, 5 млн-нан артық ақшасы бар адам оны 4-5-ке бөлу керек. Біріншісі – теңгелей. Бір-екі млн. Оның (депозиттің) пайызы үлкен. Бүгінгі күнде, мәселен, 14-15 пайыз береді. Сен содан табыс тауып тұрасың. Екінші бір бөлігін шетел валютасында салып қою керек. Оны да банкте ұстаған дұрыс болар. Ол бар болғаны бір-ақ пайыз береді. Шетел валютасы өзінің бағамы көтерілгенде ғана көтеріледі де, банктің депозиттегі пайыздық табысы жоқ.

Сарапшының тағы бір кеңесі – басы артық ақшаға жылжымайтын мүлік алып қойғанның да пайдасы зор. Жер болсын, пәтер болсын, мүліктей тұрған заттың құны да өз бағасын ұстап тұрады. Тіпті, өспесе, кеми қоюы екіталай.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago