Categories: Экономика

Алаяқтар «Цифрлық теңге» жобасының айналасына да шоғырлана бастапты

Олар жұрттың әлсіз тұсын біледі. Себебі, цифрлық теңге әзірге пилоттық жоба болғандықтан, қазақстандықтар бұл тақырыпқа жетік емес. Алаяқтар қалай алдайды? Қалай сақтану керек?

Алыста отырып жұрттың ақшасын жымқыратын алаяқтардың айласы көп. Бірсыпырасын жұрт біледі. Сондықтан әркім өзінше «күресіп» жүр. Біреуі – өзіне қоңырау түссе, телефон тұтқасын қоя салады, енді бірі – қазақша сөйлеп құтылған болады. Өйткені алаяқтар әдетте елдің сыртында отырып телефон шалатынын олардың сөйлеу мәнерінен ұғып тұрамыз.

Бұған дейін қылмыскерлер аңғал халықтың ақшасын алдап алу үшін қитұрқы әрекеттер ойластыратын. Бірі – құзырлы органның өкілі болып қоңырау шалса, енді бірі – Ұлттық банктің қызметкері болып та алдайды екен. «Арнайы операция» жүріп жатыр, банк қызметкерін ұстаймыз, соған көмектесу керек» деген желеумен азаматтарға кредит алғызып, үшінші тұлғаның шотына ақша аудартып алғандар да болды. Алданып, сан соғып қалғандар бар. Сол себепті Ұлттық банктің баспасөз хатшысы Асан Ахметжан азаматтарды барынша сақ болуға шақырады.

Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы:

«Ұлттық банк қызметкерімін» деп бейтаныс біреу қоңырау шалса, әңгімені сол бойда үзген дұрыс. Себебі Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді, кредит рәсімдемейді, халықпен ақшалай есеп айырыспайды. Сондықтан қазақстандықтар белгісіз біреуге телефон арқылы дербес деректерін жарияламағаны дұрыс. Қосымша сұрағы болса, 1477 нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына немесе құқық қорғау органдарына жүгінгені жөн.

Соңғы кезде алаяқтар «Цифрлық теңге» жобасының айналасына шоғырланып жүр. Себебі, бұл – қазір қоғамда өте жиі көтеріле бастаған тақырып. Алаяқтар көпшіліктің бұл тақырыпқа жетік емес екенін жақсы біледі. Соны «ұтымды» пайдаланып жүрген әккілер «Цифрлық теңгеге инвестиция салыңдар» деген желеумен түрлі сайттар ашқан. Қазақстандықтар бұл жағынан абай болғаны дұрыс. Себебі «Цифрлық теңге» жобасы – ел азаматтарынан инвестиция тартпайды.

Асан Ахметжан, ҚР Ұлттық банкінің баспасөз хатшысы:

Азаматтардың жеке деректері мен қаражатын қолды қылу үшін алаяқтар «Цифрлық теңге» жобасы бойынша жалған веб-сайттар мен әлеуметтік желілерде парақшалар ашып жатыр. Ұлттық банк мұндай интернет-ресурстарға сенбеуге, жеке бастың байланыс деректері көрсетілген кез келген бланкті толтырмауға кеңес береді. Егер жеке деректерді жіберіп қойған болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек.

«Цифрлық теңге» жобасы – төлемдер мен ақша аударымдары саласында Қазақстанның ұлттық валютасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. Цифрлық теңге қазір сынақтан өткізу кезеңінде. Ал, «.kz» домендік кеңістігінен тыс тіркелген сайттардың бұл жобаға еш қатысы жоқ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago