Шетел басылымына шолу

Израиль – Палестина қақтығысы: Қаза болған тілшілер саны 18-ге жетті

Израиль – Палестина қақтығысы салдарынан көз жұмған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны 18 адамға жетті, деп хабарлайды Кazinform.

Палестина тілшілері синдикатының мәлімдемесінде айтылғандай, Израиль соққыларының салдарынан палестиналық фотожурналист Рушди аль-Саррадж мерт болды.

Сондай-ақ онда 7 қазанда басталған израильдік шабуылдардан қаза тапқан БАҚ өкілдерінің саны 18-ге жеткені атап өтілген.

Р.Серрадждың жұбайы Шурук аль-Айле Анадолы агенттігінің тілшісіне мәлім еткендей, күйеуі Газадағы Тель аль-Хева кварталына соққы кезінде көз жұмды.

Еске салайық, 7 қазанда Палестинадағы ХАМАС тобы Израильге шабуыл жасап, елдер соғыс жағдайына көшті.

Израиль – Палестина қақтығысы ушыға бастағаннан бері 4100 палестиналық және 1400 израильдік көз жұмды.

Қазір Газа секторы толық оқшаулау жағдайында тұр. Израиль мұнда жарық, тамақ және отынның жеткізілу жолдарын жауып тастады.

БҰҰ дерегінше, Газада үш күнге жететін отын қалды. Қазір әлем елдері Газаға гуманитарлық көмек жөнелте бастады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago