“Үйде кішкентай қызың күтіп отыр”: павлодарлық полицей ер адамды суицидтен құтқарды

Павлодарлық полицей электр мұнарасынан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

15 қазан 17.30 шамасында Павлодар қаласының полициясына Генерал Дүйсенов, 1 көшесінде орналасқан электр мұнарасында ер адам суицид жасамақшы деген хабарлама келген. Жергілікті полиция қызметі бастығы орынбасарының айтуынша, ер адам есірткілік мас күйінде болған.

Көрсетілген мекенжайға дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция батальоны келді. Лейтенант Олжас Тілеубергенов мұнараға көтеріліп (шамамен 10 қабатты үй), ер адаммен сөйлесе бастады. 1984 жылы туған павлодарлық есірткілік масаю жағдайында болғаны, жұбайын қызғанғаннан өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдағаны анықталды.

деді Азамат Күркебаев, Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы

Полиция қызметкерімен біршама әңгімелескеннен кейін суицид жасамақшы болған адам төменге түскен. |Оны Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Олжас Тілеубергенов құтқарған.

Уақыт өте тығыз болды. Төменде көмек сұрап тұрған ер адамның жұбайы мен басқа да адамдар болды. Көтерілгеннен кейін мен бірінші кезекте ер адамға қолымды создым. Онымен танысып, қолымды жібермей, мықтап ұстап тұрдым. Кейін ол менімен әңгімелесе бастады. Мен оның сеніміне кіру үшін менің де отбасым бар екенін, олар мені оны сияқты үйде күтіп отырғанын айттым. Ер адам көзіне жас алып, болған жағдайды және үйде 3 жастағы қызы бар екенін айта бастады. Онымен сөйлескеннен кейін біз бірге төменге түстік. Менің міндетім – ер адамды құтқару, кішкентай қызды әкесіз қалдырмау болды.

деді Олжас Тілеубергенов, Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы

Ер адам психиатриялық топтың қызметкерлеріне тапсырылып, психиатриялық емханаға жатқызылды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

20 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago