«Астана Хаб» майнингтік компаниялар үшін «оффшорлық алаңға» айналды

«Астана Хаб» қатысушыларының заңсыз криптовалюта майнинг саудасымен айналысқаны белгілі болды. Бұл туралы ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті хабарлады.

Мемлекеттік аудит барысында құрылтайшылар тарапынан, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Зерде» холдингі атынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты «Астана Хаб» қатысушыларының қатарына криптовалюта майнингі саласындағы қызметті жүзеге асыратын компаниялар енгізілгені анықталды.«Астана Хаб» қатысушыларына салықтық жеңілдіктер беру майнингтік компаниялар үшін «оффшорлық алаңға» айналды,

делінген хабарламада.

Бұл ретте аталған компаниялардың қызметі «Астана Хаб» халықаралық технопаркінің мақсаттары мен мәніне сай келмейді. Осыған байланысты ЦДИАӨМ-ге мынадай:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 37/НҚ бұйрығына, криптовалюта майнингі саласындағы есептеу операциялары және деректерді өңдеу орындау үшін кешенді есептеу инфрақұрылымымен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті қызмет түрлерінен алып тастау бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша (жеке ЭҚЖЖ тағайындаумен); —

«Astana HUB» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» КҚ қызметінің миссиясы мен мақсаттарына сәйкестігі тұрғысынан технопарк қатысушыларына түгендеу жүргізуді қамтамасыз ету бойынша  шараларды қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне және меншікті өндірістің өлшемшарттарына, Технопарк қатысушыларына цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсынуға шектеулер белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді. Қатысушыларға цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инфрақұрылым ұсыну тұрғысынан түгендеу жүргізілді.

Жыл басынан бастап түгендеу нәтижелері бойынша:

  • Технопарктің 73 қатысушысымен тараптардың келісімі бойынша технопаркке қатысу қызметінің талаптары туралы шарт бұзылды;
  • Технопарктің миссиясы мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға байланысты 10 қатысушы Технопарктен шығарылды;
  • Тоқсан сайынғы есептерді ұсынбағаны үшін Технопарктен 25 қатысушы шығарылды.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

18 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

19 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

19 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

19 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

21 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago