30 қаңтарда Астанада әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа қарсы митиң өтті. Белсенділер заңға «зорлық-зомбылық көрсету» түсінігін енгізуді, харрасмент жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті. Бұл туралы «Азаттық Радиосы» хабарлады.
Митиңгіні Myqty.women бастамасының мүшелері ұйымдастырған. Оларға әкімдік наразылық акциясын 17.00-19.00 арасында өткізуге рұқсат еткен.
Азаттықтың айтуынша, жарық сөніп қалғандықтан қатысушылар ұзақ уақыт микрофон қоса алмай, талаптарын микрофонсыз айтуға мәжбүр болды.
Қазақстанда Қылмыстық кодекске «зорлық-зомбылық» бабын енгізу керек деп ойлаймын, себебі елімізде бұл жабық тақырып. Осы талапты айту үшін митиңгіге шықтым. Әйел зорлық-зомбылықты айтып, полицияға арыз жазуға келсе, оны мазақтап күледі. Одан сорақысы әйел тағы да осы мәселеге тап болады. Ал негізгі кінәлі – зорлық көрсеткен адам. Барлығына кінәлі – заңсыздық. Әйелдер заңмен қорғалуы керек деп санаймын,
дейді митиң қатысушысы Ангелина.