Бұл сөздерді әйелге де, еркекке де айту дұрыс емес.
«Көкек, безбүйрек ана»
Қоғам да, медиа да балаға жауапкершілікті анасына жүктейді. Тек әйелді кінәлайды. Неге баласын, әйелін тастап кеткен еркектерді «безбүйрек әке, көкек әке деп атамайды? Бұл туралы Тіл кеспек жоқ арнасы жазды.
«Бірнеше жігітпен жүрген әйел – жеңіл жүрісті»
Еркек қанша қызбен жүрсе де, түк етпейді. Ол еркек қой өйткені. Әйелдің бірнеше адаммен қарым-қатынасы болса, қоғам мұны оның бетіне басып әлек.
Сондай-ақ еркектер әйелдерді «жүретін» және «үйленетін» деп екіге бөледі. Олардың стандарттары бойынша, біріншісі «жеңіл жүрісті, қысқа киеді», ал үйленетін әйелдер «инабатты, ибалы, еркектің айтқанын екі етпейтін» қыздар.
Еркектерді де осылай «жүретін» және «үйленетін» деп бөлгенін көрдіңіздер ме?
Әйелдер мансап қуып, шетел араласа, «не істеп жүр, тұрмыс құрмай» деп сынайды.
Ал еркектер жұмыс істеп, мансап қуса, «нағыз азамат» саналады.
Неге?
Ерлер әйелінің көзіне шөп салса, «ерін ұстай алмаған әйелдің өзі кінәлі». Ал әйел солай жасаса, оңбаған ұятсыз деп табалайды.
Еркектердің көшеде жалғыз жүруге, таксиге отыруға, автобуста тұруға қорыққан, лифтіге әйел кірсе, қобалжыған, кеш болса, үйге қайту керек деп уайымдаған күндері болды ма?
Қоғам әйелдер харассментке, зорлықа тап болған кезде «нәпсісін тыя алмаған еркек кінәлі деп емес, «етегін қымтамаған, көшеге түнде шыққан әйел» кінәлі дейді.
Бірақ зорлыққа, харассментке қыздың киімі, әлеуметтік жағдайы, әке-шешесінің бар-жоғы, оның клубқа баруы, білімі ешқашан себеп бола алмайды. Бұған тек зорлық жасаған адам кінәлі.
Осындай екіұшты стандарттар әйел мен ер арасындағы теңсіздікпен қоса, әйелді қандай зорлаушыны ақтайтын, әйелді қандай озбырлық көрсе де, кінәлайтын қоғамды тәрбиелеп жатыр.
Әйел мен еркекті тең көрмейінше, зорлық-зомбылық, ұрып-соғуды ақтау мүмкін емес.