Categories: Тарих

Әйел теңдігі мен сауат ашу үшін күрескен әйелдер кім?

Алаш қозғалысы бұл тек Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов емес. Олардың қатарында Алашпен мақсат-ұраны бір болған әйелдер де бар. Олар да бодандық құрсауындағы қазаққа азаттық идеясын таратып, қазақ әйелдерінің теңдігі үшін күрескен.

Хұснижамал Нұралыханова – қазақ қыздарына арналған алғаш мектеп ашқан, оқытып білім берген мұғалім.

Хұснижамал Нұралыханова 1872 жылы Бөкей Ордасындағы сұлтандар әулетінде дүниеге келген. Ол Қазандағы оқуын бітіре сала, Ордадағы әйелдер училищесінде дәріс бере бастайды.

Ордадағы әйелдер мектебі

Ол туралы естелікте:

Ол бізге жазу мен оқуды ғана үйретіп қойған жоқ, жұрттың алдында өзімізді қалай ұстауды, жүріп-тұруды, бой күтуді ерінбей-жалықпай үйрететін. Ән салуға, еуропаша би билеуге баулитын

Нәзипа Құлжанова – әйелдер құқығы үшін күрескен қазақтан шыққан тұңғыш журналист.

Ол Ыбырай Алтынсарин негізін қалаған мектепте білім алып, кейін гимназиясында оқыған. Оқуын аяқтаған соң Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалім болған. Қазақша оқулықтар, әдістеме мен кітаптар шығарған.

«Алаш», «Сарыарқа», «Қазақ» газеттерінде мақала жазып, «Еңбекші қазақ» газетінде редакция алқасының мүшесі, 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», 1925-1929 жылы «Әйел теңігі» журналдарында жауапты қызмет атқарған.

Абайға арналған әдеби-музыкалық кеш пен Петроградтағы мұсылман ауруханасы мен мұқтаж қазақ шәкірттеріне көмек көрсету мақсатында әдеби кеш ұйымдастырған.  1917 жылы Семейдегі қазақ съезіне қатысып, төралқа құрамында болған. 1917 жылы Семейдегі қазақ съезіне қатысып, төралқа құрамында болған.

Гүлшаһара Досымбекова – Алаш жастарының «Бірлік» және «Жас азамат» ұйымын құрушылардың бірі.

Ол М.Дулатұлының жары Ғаинижамалдың сіңілісі. Омбы гимназиясын бітірген соң, Сібір ауылшаруашылығы институтында оқыған. Бөкей ханның қызы Елизаветамен дос болған.

1918 жылы қазақ жастар ұйымлдарының басын қосып, «Жас Азамат» ұйымының ісіне белсенді атсалысқан. Гүлшаһарының аты 20 жылдары шыққан естелік кітаптарда «Тар жол, тайғақ кешу» жиі кездеседі. Мысалы, Алаштың «Абай» журналын тұрақты шығару үшін қаржы-қаражат қажет болғанда, ол саусағындағы күміс жүзігін тапсырған.

Алма Оразбаева – әмеңгерлік пен қалың малды жойған әйел.

Ол 1898 жылы қарапайым ұста отбасында дүниеге келген. Өз заманының ең жарқын әрі қайсар бейнесі. Ауыл-ауылды аралап, әйелдерге олардың құқығы мен теңдік мәселесін түсіндірген. Оразбаева қазақ қоғамындағы әмеңгерлік, қалың мал деген дәстүрге қарсы шыққан. Сондай-ақ ол ең алғаш большевиктер партиясына кірген қазақ қызы.

Оразбаева менің жұмысыма  барынша ықылас білдірген және маған өте құнды деректер берген бөкейлік бірінші қазақ қызы. Алма Оразбаева – қырғыз әйелдеріне бостандық алу мақсатында алғы шепте жүрген жас мұғалім. Оның күміс көмей даусы, сопраносы барү Ол ән шырқағанда әр тыңдарманның құлағын баурап алады,

деп айтыпты А.Затаевич.

Шолпан Иманбаева – өлеңдері баспа бетіне шыққан алғашқы әйел.

Аралға қонды суы жоқ,

Мезгілсіз ұшқан қоңыр қаз.

Бауырын төсеп жатуға,

Ұясына, өскен жеріне

Қайтайын десе қаңқылдап,

Болар ма екен оған жаз –

деп Шолпан сол замандағы қазақ әйелдерінің мұң-мұқтажы мен арман-тілегін жыр арқылы жеткізген. Ол көп өлеңін әйелдердің азаттығы мен теңдігі үшін күрес тақырыбына арнаған.

Ақын 1926 жылы 22 жасында қайтыс болады.

Сәкен Сейфуллин:

Шолпан қазақтың алғашқы ақын қыздарының бірі еді. Ол кедейлердің арасынан шықты. Алайда далада жайқалған раушан гүліне айналды,

деп жазған.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago