Сенатта «Жастар және әл-ауқат туралы» заң қабылданды. Ол халықтың бірнеше санаттарына қатысты бұрыннан бар бірқатар актіге маңызды түзетулер енгізеді:
- Әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жасқа дейін жоспарланған ұлғайтуды 2028 жылға дейін тоқтата тұру;
- Базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңмен ұлғайту;
- Ынтымақты зейнетақының мөлшерін есептеу кезінде ең жоғары табыс шегін 46-дан 55 АЕК-ке дейін арттыру;
- Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 1,5 жылға дейін ұлғайту;
- Сақтандырылғандарға жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшерін орташа айлық табыстың 45%-іне дейін ұлғайту;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік пакетті монетизациялау;
- Жастардың жасын 35 жасқа дейін көтеру.