Categories: Оқиға

Әйелді елік деп ойлап атып өлтірген ер адамға үкім шықты

Солтүстік Қазақстан облысында әйелді жануар деп ойлап атып өлтірген ер адам үш жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сотталушыға абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз алу, сақтау, алып жүру айыптары тағылды. Сот оның оптикалық көздеуышы мен патрондары бар винтовкалық спорттық және аңшылық қаруды заңсыз иемденгенін анықтады.

2022 жылы 11 шілдеде ол ауылдық жолмен келе жатып, бидай алқабынан елікке ұқсақ нәрсені көреді. Алайда бұл адам болып шығады. Сотталушы Жамбыл облысының 49 жастағы тұрғынына оқ атқан. Ол жараланып, мерт болды.

Ер адам кінәсін мойындады. Прокурор жаза ретінде оны 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Сот оның шын жүректен өкінуін жауаптылықты жеңілдететін мән-жай деп санады. Алайда ол қылмыс жасаған кезде мас болған.

Сот ер адамды үш жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, ол жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақы төлеуі тиіс.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago