Categories: Экономика

«Ұлттық қор балаларға» бағдарламасы дайын!

Келесі жылы елімізде “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы іске қосылады. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке есеп-шот ашылып, бұған жыл сайын дивиденд түсіп отырады. Шот операторы ретінде “Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” таңдалған.

Экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша Ұлттық қордан балалардың шотына ақша аудару механизмі дайын, өз кезегінде Қаржы министрлігі оның ережелерін әзірлеу үстінде.

Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға жылдық қорытынды бойынша тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайыз әр балаға үлестіріледі. Жалпы 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады.

Тек бір жылдың кірісін ғана қарамаймыз. Біз 18 жылдағы орташа кірісті аламыз. Себебі, 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек,

деді ол.

Алайда бала 18-ге толған соң азаматтығын ауыстырса, ол бұл ақшаны ала алмайды.

Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі. Ұлттық қордағы шотынан ақша алғанда оған салық салынбайды,

деді Әлібек Қуантыров.

Қуантыров мұның алдында “бала 18 жасқа толғанша шотындағы ақша құнсызданып кетпей ме?” деген сауалға жауап берген.

Қаражат құнсызданбайды, себебі ол доллармен аударылады.  Ұлттық қордағы қаражат 100% доллармен сақталады. Өйткені, қордың бүкіл активтері шетелде, яғни шетелге инвестицияланған. Ол да бізге ыңғайлы. Сол үшін солай шоттарға жберілетін болады,

деп түсіндірген еді министр.

Бұған дейін Президент Тоқаев Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың шотына аударатынын мәлімдеген. Жинақ шотындағы ақшаны олар кәмелетке, яғни 18-ге толғанда ғана ала алады. Олар жинақталған соманы тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсай алады.

Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын,

деген болатын Президент.

Бұл ретте Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай да Facebook-те арнайы жазба қалдырған.

Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлт­тық қор – балаларға» атты жаңа бағ­дарлама іске қосылады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады,

делінген оның жазбасында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago