Categories: Галерея

Әйелді сөзбен жеңу мүмкін емес, бірақ шапалақпен жеңуге болады — Жан Ахмадиев

Атышулы әнші Жан Ахмадиев өз мәнерінен таймай, тағы бір шулы мәлімдеме жасады. Stan.kz порталына берген сұхбатында ол балаларына қамқор әке, алайда жарына өте қатал екенін айтқан. Әйелін анда-санда ұрып тұратынын жасырмады.

«Әйелді аптасына бір рет қамшымен сабап тұру керек» деген қазақта сөз бар. Қазір әйелінің айтқанынан шықпайтын еркектер қаптап кеткен. Ол неге? Өйткені әйелінің аузын қаға алмайды. Әйелінің аузын қағу деген сөзін бөлу емес. Әйелді сөзбен жеңу ешқашан мүмкін емес. Бірақ бір шапалақпен жеңуге болады,

дейді Жан Ахмадиев.

Осылайша ол әйелін орнынан жығып отыратын көрінеді. Ол әйелге аптасына бір рет шайтан кіріп кететініне сенетінін айтты. Сол шайтанды шығару үшін шапалақ қажет. Әйелді қатты еркелетуге болмайды, дейді ол.

Сұхбаттасушының “Әйелді аптасына бір рет ұру керек” деген қазақ даналығы туралы естімегенін, қызыңызды да болашақта солай ұрғанын қалайсыз ба деген сұрағына Жан Ахмадиев мақұлдап жауап берді.

Егер де қателік болса, аузына ие болмаса, күйеуінің көңілінен шықпаса, ұрсын. Мен қарсы емеспін. Қатты ұруға болмайды. Шапалақ пен тепкілеу екі бөлек. Әйелінің көзін көгерту, денесінде көгерту ол енді еркектікке жатпайды,

дейді Жан Ахмадиев.

Дегенмен, әншінің айтуынша, тек әйел көңілінен шықпаса, әйелің бағынбаса, әйелің шектен асып кетсе ғана ұру керек. Ал егер әйелің тәрбиелі болып, ойыңнан шығып, айтқаныңның бәрін істеп тұрса онда қол көтерудің де маңызы шамалы. Алайда, оның пікірінше, ондайлар аз.

Бірақ та сөз түсінбейтін қатындар көп. Оны мойындау керек.  Сондықтан аздап кетіп қалады. Мен өзім туралы айтып отырмын. Бірақ та әйелдеріңді ұрып тепкілеңдер деген ешкімге кеңес бермеймін,

деп ақталды Ахмадиев.

Сондай-ақ, Жан Ахмадиев сұхбат барысында эстрада әншілері туралы да батыл мәлімдемелер жасады. Айтуынша, өнер адамдары топастау болып келеді. Сонымен қатар олардың контент жасауға басы жетпейді.

Қазіргі таңда әнші, өнер адамдарына деген қызығушылық төмендеп кетті. Мұны да мойындау керек. Білесіздер, оларды шегірткелер деп атады. Содан кейін короновирус келгеннен кейін бүкіл өнер адамдарын аяғынан тартып, жерге бірақ түсірді ғой. Халық пайдасы жоқ әншілерсіз той жасауға болатынын түсінді. Содан кейін олардың қазір таңда ақшасы көп деп те айта алмаймын. Басты проблема, контент жасауға ақылдары жетпейді, жалқаулықтары жібермейді,

дейді Жан Ахмадиев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago