Мешіт төбесіне қызыл ту көтерді: Иран қай елге соғыс жарияламақ

Қызыл жалау соңғы рет екі жыл бұрын көтерілген.

Иран Джамкаран мешітінің төбесіне қызыл ту көтерді. Болжам бойынша, бұл тудың көтерілуі соғыс жарияланды деген ұстанымды білдіреді.

Иран алдағы 48 сағат ішінде Сауд Арабиясына және Күрдістанға шабуыл жасауы мүмкін, деп жазады Aquila Telegram арнасы Сауд Арабиясының барлау қызметіне сілтеме жасап.

Сауд Арабиясының мәліметінше, Иран үкіметке қарсы наразылықтарды доғару үшін осындай қадамға барғалы отыр. Белгілі болғандай Сауд Арабиясы, АҚШ және басқа да мемлекеттер барлау күштерінің ақпаратына сілтеме жасай отырып, Иранның шабуыл жасауы туралы ескерту алған. Жауға қарсы әскерлерін дайындап отыр.

Кек алу деген мағынаны білдіретін қызыл жалау соңғы рет екі жыл бұрын Касем Сүлеймани өлтірілгеннен кейін көтерілген болатын. Артынша Иран АҚШ-тың Ирактағы базаларына соққы жасады.

Айта кетсек, бұған дейін Тегеран АҚШ, Ұлыбритания, Израиль және Сауд Арабиясын елде шерулер ұйымдастырды деп айыптаған болатын.

Еске салайық, Ирандағы жаппай тәртіпсіздіктер Махсу Амини өлімінен кейін басталды. 17 қыркүйек күні жас қызды дұрыс киілмеген хиджаб үшін тәртіп сақшылары аяусыз соққыға жыққан. Ауруханаға түскен қыз бірнеше күннен соң есін жимай қайтыс болды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 часа ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

3 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago