Categories: Оқиға

«Әйелін дуалап тастапты»: Астанада мешіт қызметкеріне шабуыл жасалды

Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мәлім етті.

Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр.

Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Бұрын сотталған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болған оқиға себептері анықталуда.

Алдын ала мәлімет бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжал себеп болған,

деп жазды А.Қонарбайұлы Facebook-тегі парақшасында.

Блогер Ораз Әлімбекұлының жазуынша, зардап шегуші — Астанадағы Солтүстік Кавказ аймағында кеңінен таралған Қадария сопылық тариқатының рухани көсемі «Шейх Кунта қажы» атындағы мешіттің бас имамы Муслухиддин Надыров. Қарулы адам оның бес жеріне пышақ сұғып, тамағын орып жіберген. Осындай хабарлама алған Астана полициясы шұғыл түрде арнайы операция жүргізіп, оқиға орнында 1990 жылы туған Жандос Қарбаев деген азаматты құрықтады. Мүфтиятқа бағынатын мешіт имамы Муслухиддин Надыров қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Имамға қарулы шабуыл жасаған Жандос Қарбаевтың айтуынша, оның әйелі мешіт имамы Муслухиддин Надыровтан дем салып, дұға оқып беруді өтінген. Ал имам бірнеше «рухани сеанстан» кейін әлгі әйелді қатты дуалап тастапты. Соның кесірінен әйел өзіне өзі қол жұмсап, сіркесу (уксус) ішіп өлуге ұмтылған. Сондықтан оның күйеуі Жандос Қарбаев «қанға — қан, жанға- жан» деп имамды өлтіру үшіне «Шейх Кунта қажы» атындағы мешітке пышақ алып барған,

деген мәлімет келтірді Ораз Әлімбекұлы.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago