Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > «Үйінді астында 80 мыңдай адам бар»: Түркиядағы жағдай күн санап нашарлап барады
Шетел басылымына шолу

«Үйінді астында 80 мыңдай адам бар»: Түркиядағы жағдай күн санап нашарлап барады

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 13.02.2023
Обновлено 13.02.2023 в 03:02
Поделиться
Фото: ria.ru
Поделиться

Түркиядағы жойқын зілзаладан әлі 80 мыңдай адам үйінді астында қалып отыр. Жарақат алған адамдардың саны жүз мыңан асты. 6 ақпан күні болған жойқын зілзала 200 мыңнан астам адамның өміріне тікелей қауіп төндірді. Қираған құрылыстың астында қалып, қаза тапқан түркиялықтардың саны 30 мыңға жуықтады. Үйінді астында нақты қаншы адамның қалғаны белгісіз, деп хабарлайды оқиға орнында жүрген Azattyq Ruhy тілшісі.

Болжам бойынша жоғалған адамдар саны 80 мыңның көлемінде. Үйінді астындағы адамдардың тірі қалу мүмкіндігі нөлдік көрсеткішке түсіп барады. Суық ауа райында сызды цемент, қиранды астында жарақат алған адамдардың жеті күн аш әрі көмексіз жатуы үмітті барған сайын азайтып отыр. Осыған қарамастан шетелден көмекке келіп жатқан құтқарушылар да аз емес.

23 адам Мексикадан келдік. Арамызда екі медқызмет, инженерлер, кинологтар, полиция, өзге де кәсіби құтқарушылар болып келдік. Біз жер сілкінісінен болған қауіптің, адам өлімінің ауыр екенін өте жақсы білеміз. Басымнан да өткен. Түркия халқының трагедиясын мексикалықтар түсінеді. Өйткені жер сілкінісінен біздің халқымыз да көп зиян шеккен,

деді Мексика елінен келген құтқарушылардың бірі Яник Язмин.

Қазір Адана қаласының халықаралық әуежайы сырт мемлекеттерден келіп жатқан құтқарушыларға толы. Оларды жергілікті билік көмек керек деген қалаларға бөліп, таратып жатыр. Зілзаладан Түркияның Хатай, Османия, Қахраманмараш, Антеп, Килис, Малатия, Адияман, Урфа, Газианетеп қалалары мен шағын ауылдары зиян шекті. Зілзаладан келген залалдың көлемі орасан, шығын әлі есептеліп жатыр. Мәселен 1 млн 177 мың тұрғыны бар Кахраманмараш қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендерде қираған нысандар өте көп. Құтқару жұмысы жүріп жатқанына қарамастан, арнайы мамандар жетпеген жерлер әлі де жетерлік. Жоғарыдағы қалаларда жалпы саны 14 млн-нан астам адам тұрған бар. Бұл тек ресми дерек, ал көршілес Сириядан келіп қоныстанушылар да миллиондап саналады.

Жағдай өте қиын. Біз ерікті ретінде Ыстамбұлдан 150 адам келдік. Әуежайда осы жаққа келемін,  көмек беремін деген жастардың саны жүз мыңдап саналады. Бірақ олардың бәрін жіберіп жатқан жоқ. Түнде үш автобуспен осы Кахраманмарашқа келдік. Топ-топқа бөлініп, азық-түлік таратамыз. Зиян шеккен қаланың халқын өзге өңірлерге бөліп жіберіп жатыр. Түркі халқы қиын сәтте бірлесе білді. Арнайы ұйымдар арқылы қаржылай көмекте тоқтаусыз жиналып жатыр,

деді Қызылай ұйымының мүшесі Реджеп Атик.

Ондаған қала қирады. Бүгінге дейін қаза тапқан адам саны 30 мыңға жуықтады. Әлі 80 мыңдай адам үйінді астында. Олар аман шығады деген үміт аз. Үйінді астынан шығарылған адамдардың арасында жетім қалған балалар көп. Оны асырап алуға ұсыныс жасап жатқан адамдар да көп. Билік оны қазір тоқтатып тұр. Ең қиыны қайтыс болған адамдардың кім екені белгісіз күйінде жерленіп жатыр. Жиырма мыңнан астам құрылыс қираған,

деді ыстамбұлдық оқытушы Хакан Иөрүкоғлы.

Кахраманмараш қаласының тұрғындары палаткада тұрып жатыр. Тіптен үйлері қирамаған тұрғындар баспаналарына баруға қорқып қалған. Ал дүкен сөрелері бос. Есесіне көмек ретінде таратылып жатқан  ас-су да, киім-кешек те мол. Зілзаланың эпидцентрі болған Қахраманмарашта қисайып қалған, қаңырап тұрған көп қабатты тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар көп.

Айта кетерлік жайт, Түркияда зілзала салдарынан қайтыс болғандар саны 30 мыңға тақады. Ел экономикасына келтірілген шығын 84 миллиард долларға жетіпті. Қазір Түркиядағы алапат зілзала салдарынан ең көп зардап шеккен 10 провинцияда 8 мыңға жуық ғимаратты бұзуға тура келіп тұр. Мұндай қорытындыны Түркияның қала құрылысы және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сарапшылары 132 мыңнан астам ғимаратты бағалағаннан кейін жасаған. Соңғы мәліметтер бойынша, 31 мыңнан астам ғимарат жеңіл зақымданса, 60 мыңнан астамы – сол қалпы.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Трендте, Шетел басылымдарына шолу
Сая Манарбековна 13.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?