Әлде қыз өзінің жегеніне төлеуі керек пе?
Теңдік кезінде қалай әрекет ету керек және бұл туралы этикет не дейді?
Еркек пен әйелдің жеке кездесуінің өзі ешкімге қаржылық міндеттеме жүктемейді. Бірақ бүкіл әлемде алтын ереже бар.
Кім шақырды сол төлейді.
Бұл мейрамханадағы кешкі ас, кинотеатрға немесе концертке бару, саябақтағы серуендеу кезінде бір кесе кофе болсын, барлық жағдайларда.
Егер жігіт қыздың көңілін аулағысы келсе, және де өзіне назарын аудартқысы келсе, қандай жағдай болмасын, шыққан сомманы бөліп төлейік деп айтпайды.
Бұл тақырып көпшіліктің талқылауына түсті. Жігіттер қауымы намысын таптатпай, кез-келген қызбен кездесуде өзіміз төлейміз дейді. Тіпті ақшамыз жоқ болса да, басқа нұсқаларына жүгінеміз, дейді.
Ал қыздар қауымы бірінші кездесуде екі жақ теңдей бөліп төлегені дұрыс дейді. Қыз өзін кінәлі немесе жігіттің алдында қарыздар сезінбес үшін.
Сірә, кей қыздар өздері шектен шығып кететін болар. Жазылған пікірлерге қарағанда, ондай қыздар жаман мінез көрсетіп үлгерген. Сол себепті осындай қолайсыз жағдайға тап болады.
Ал бір жігіт қалауын жасырмай айтты. Егер маған тұрмысқа шықсаң, барлық төлемдерді өз мойныма аламын, ішкен-жегеніңе төлеймін дейді. Ал бас тартсаң, өзің төле, мен тек су іштім, деп аяқтапты ойын.
Көп жағдайда, бірінші кездесудің басы қатты, аяғы тәтті болып аяқталады.
Сондықтан, қыздар, бірінші кездесуге барғанда, қалтаңызға ақша салып шыққаныңыз жөн.
Сіздер не ойлайсыздар?