Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Алматыда азаматтардың тек 24,17%-ы ғана сайлау учаскесіне барған.
Бұл туралы Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова айтты.
Біз ұйықтағанды ұнатамыз, түскі уақыта оянып, 12:00-де шәй ішеміз. Сосын асықпай көшеге шығамыз. Мен осылай ойлаймын. Білмеймін, кешке дейін азаматтардың белсенділігін байқаймыз. Бүгін ауа райы салқын, жаңбыр жауды, қазір күн ашыла түсті. Азаматтардың барлығын дауыс беруге шақырамын,
деді Жанна Асанова.
Қазақстанда президент сайлауына алдын ала келу 51,16 пайыз болды.
Ең көбі Түркістан облысы (76,61 пайыз) және Абай облысы (69,32 пайыз) тұрғындары дауыс берген. Ең азы Алматыда тіркелді (24,17 пайыз).