«Күйзелісте жүрдім»: рэпер Shiza тумен болған жанжалдан кейін алғаш рет сұхбат берді

Режиссер Қанат Бейсекеев өзінің YouTube каналында рэпер Shiza-мен (Асхат Жолшиев) подкаст жариялады. Әңгіме барысында орындаушы 25 мамырда Алматыда өткен концертте тудың айналасында туындаған жанжал туралы айтты.

Shiza қазір біраз тынышталғанын, тек күніне 1-2 хейт болып тұратынын айтты. Орындаушы сұмдық хейт болғанын жасырмады.

«Негізі мен 7 ән орындауым керек болған. Ең соңғы әнім «Көк ту» болатын. Сол әнді басында акаппеламен орындадық та, музыкасы басталғанда «Ирина Кайратовна» тобы шықпай қалды. Оларды біраз күтіп тұрып қалдым, бір кезде «Ирина Кайратовна» тобының басқа әнінің интросы басталып кетті. Сөйтіп олар сахнаға тез шықты да, мен қоштасып үлгермедім. Өзім біртүрлі болып қалдым. Бұл бір жағынан біз бір-бірімізге хабарламай, ұйымдаспай әрекет еткеніміздің белгісі. Ұйымдастырушылардың да қателігі. Гримеркаға келдім де, іше бастадым. Енді сахнаға шықпаймын деп ойладым, себебі «Көк туды» енді орындамаймын деп ойладым. Олар шамамен 50 минут өнер көрсетті, осы аралықта масайып қалдым»,

дейді Shiza.

Алайда «Ирина Кайратовна» тобы «Көк ту» әнін орындағанда Shiza рэп оқу үшін ақыры сахнаға қайта шығады.

«Біз негізі жақсы айтып шықтық. Бірақ мен өз сөзімді жеткізе алмадым. Мен негізі айтқым келгені, осы бағалы көк туды залдан біреуге беремін деп ойладым. Осы концерттен естелік болсын деп ойладым. Бірақ жігіттер мені тоқтатты, қазір бірдеңені дұрыс жасамай қала ма деп қорықты. Сөйтіп мен айтқым келген сөзді соңына дейін айта алмай қалдым. Түсінбеушілік болып қалды»,

деп жалғастырды Жолшиев.

Таңертең рэпер қолында туды ұстап алып, былапыт сөздер айтып тұрған бейнежазба барлық әлеуметтік желілерге шығып кеткенін біледі, видео TikTok трендіне түскен.

«Мен жақындарым үшін уайымдадым. Себебі олар теледидардан «Асхат Жолшиев туды таптады, қорлады» деген жаңалықтарды көрген. Бірнеше күн күйзелісте, стрессте жүрдім. Екі жылға кетіп қалам ба деп ойладым (түрмеге. – Еск.), сондай сыбыс естідім. Прокуратураға 500 арыз түскен. Менің қателігім, ішіп алып туды ұстап тұруым. Туды таптау ниетім болған жоқ»,

деп мойындады Shiza

Президентке дейін жеткен дау

Жанжал неден туындады? 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында «Ирина Кайратовна» тобы мен рэпер Shiza өнер көрсетті. Концерттен түсірілген видео Қазнетте қызу талқыланып, музыканттар қатаң сынға ұшырады. Онда Жолшиев қазақстандық туды қолына орап, сахнадан былапыт сөздер айтады.

Оқиға қоғамда кең резонанс тудырды: оған Мәдениет министрі Дәурен Абаев министрлік мамандары сахнада мас күйінде өнер көрсететін әртістерге қатысты шаралар қабылдау туралы ойластырып жатқанын айтты.

Ал мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин концертті ұйымдастырушылар жауапкершілікті сезініп, ішімдік ішілуіне жол бермеуі керек.

Shiza лақап атын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталуы қажет. Концертте ішімдік ішілгендіктен мұндай әрекетке жол берілген деп ойлаймын. Жастар осы бір келеңсіз оқиғадан сабақ алып, қарапайым мәдениет пен этикетті меңгеруі қажет,

деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар, Қарин мұндай ауқымды іс-шараларды ұйымдастырушылар да жауапкершілікті сезінуі керегін атап өтті. 

Олар концерт ұйымдастырған кезде ішімдік ішілуіне жол бермеуге, басқа да оқыс оқиғалардың алдын-алуға тиіс. Біз мемлекеттілігіміздің, Тәуелсіздігіміздің символы саналатын Мемлекеттік туға зор құрметпен қарауымыз қажет. Оны аяқасты етуге жол бермеуіміз керек. Туымызды немесе басқа да рәміздерімізді қорлаған әрекеттер құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады. Себебі, заң баршаға ортақ. Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттік туды құрметтеп, қастер тұтуы қажет деп санаймын,

деді Ерлан Қарин.

Ал депутаттар жанжал аясында мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды.

Сондай-ақ, маусымда Қазақстан туын пайдалану ережелерін қайта қарау қажеттілігі туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын.

Жастардың отаншылдық рухын күшейту керек. Қазір әлеуметтік желіде мемлекеттік Туды қадірлеу туралы көптеген ой-пікірлер айтылуда. Өкінішке қарай, қасиетті Көк туымызға байланысты орын алған жағымсыз жағдайлар азаймай тұр. Сондықтан, байрағымызды пайдалану тәртібін қайта қарау керек деп ойлаймын. Қажет болса, тиісті заңдарға өзгертулер енгізуге болады. Өйткені, Көк туымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы,

деді Президент.

«Сабақ болды»

Көп ұзамай Асхат Жолшиев өз қателігін мойындап, жұрттан кешірім сұрады. Әнші әріптестері секілді жәй видеомен шектелмеді. Өзінің жаңылыс басқанын түсініп, өкінішін ән арқылы жеткізді. «Number one dushpan» әнінде ол өз халқын мақтан тұтатынын және өз елінің туын қорлауды көздемегенін атап өтті.

Ер адамды арақ-шарап құртады, ертеңгі күніңді ойлауың керек, өйткені ер адамның тағдыры ауыр, ол дара болуы керек. Мен не болғанын адамша түсіндіремін, бірақ бейнежазба арқылы емес, ән арқылы.

Мен Алтыбас руының қазағымын, Қыпшақпын. Демім шыққанша ұлтыммен мақтанамын. Мен туды таптамадым, оны тіпті тастамадым,

дейді рэпер әнінде.

Сондай-ақ, рэпер енді сахнаға арақ-шарап ішіп шықпаймын деп уәде берді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago