Маймыл шешегіне байланысты АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

Елде вирустың 6,6 мыңнан астам жағдайы анықталды.

Бұл туралы денсаулық сақтау және мемлекеттік қызметтер министрі Хавьер Бесерра Twitter-де хабарлады.

«Жағдай күрт өзгерді, мен маймыл шешегі ауруына байланысты төтенше жағдай жариялаймын. Біз осы вируспен күресте жаңа деңгейге шығуға дайынбыз. Біз әр американдықты сақ болуға шақырамыз«- деді денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрі.

Маймыл шешегінің алғашқы жағдайы Бостонда 2022 жылдың мамыр айында тіркелді. Ауру әсіресе Нью-Йорк штатында өршіп барады. Ол жерде өткен аптада төтенше жағдай жарияланды.

Маймыл шешек — кеміргіштер мен приматтар сияқты жабайы жануарларда пайда болатын және кейде адамдарға жұғатын вирус. Оны тудыратын қоздырғыш — poksvirus құрылысы мен қасиеттері бойынша адамның шешек вирусына ұқсас. Одан науқастану оқиғаларының көпшілігі орталық және батыс Африка аймақтарында тіркелген.

Бұл ауруды ғалымдар алғаш рет 1958 жылы маймылдарды зерттеп жүріп анықтады. Сол кезде «шешек тәрізді» ауру осы жануарлардың арасында екі рет өршіп, жаңа вирус «маймыл шешек» аталып кеткен. Бұл оспаны адамның жұқтырғаны 1970 жылы белгілі болды. Сол жылы қауіпті инфекция Конгоның шалғай ауылындағы 9-жасар баладан табылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago