Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Көкшетауда жыныс мүшесіз туған қызға көмек керек
Қоғам

Көкшетауда жыныс мүшесіз туған қызға көмек керек

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 12.09.2022
Обновлено 09.12.2023 в 12:12
Поделиться
Поделиться

Көкшетаулық кішкентай Үміттің келешегі жақындарын алаңдатып отыр. Балақай не кіші, не үлкен дәретке өздігінен бара алмайды. Себебі, іштен кем туған оның дәрет шығарар дене мүшелері мүлдем жоқ. Аса сирек кездесетін  науқаспен дүниеге келген баланы көргенде дәрігерлер де не істерлерін білмеген. Дегенмен хирургиялық жолмен сыртқа түтік шығарып, амалдапты. Бірақ, бұл да өсіп келе жатқан қыздың адам сияқты  өмір сүруіне мүмкіндік бере алмай тұр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Көңілді ән әуенін естісе отырған орнында билей жөнелетін кішкентай қыздың мұндай ауыр сырқаты бар дегенге сене қоймайсыз. Үміт жақында 3 жасқа толады екен. Баланың не жыныс мүшесі жоқ. Арты да бітеу. Кіші дәреті денесіне салынған түтікшемен, ал үлкен дәреті ішінен шығып тұрған мына тоқ ішек арқылы шығады. Яғни асқазанда қорытылған тамақ осы жерден тоқтаусыз ағып жатады. Бұны күн сайын көру анасы Гүлнарға оңай емес, әрине.

Күні-түні өзім қараймын. Баланы да аяйсың. Бір жерге алып шығайын десең, боғы ағып кете береді. Аяғын басса ғой деп  үміттенесің. Күшті бәрін біледі, тілі де ерте шықты.

Гүлнар Зейнуллина, Үміттің анасы.

Бала екі аяғын тік қоя алмағандықтан, еңбектеп қана жүруге машықтанып алған. Өмірге осындай дене кемшілігімен келген сәбидің қиналғанын көру қиын болса да, қимаймын дейді анасы. Ол қазіргі медицина дамыған заманда бұл кемшілікті түзеуге болатын шығар деп ойлайды.

Үміттің анасы жүктіліктің алғашқы  аптасынан бастап дәрігер бақылауында болған. Мамандар тиісті мерзімінде  УЗИ-мен де тексеріп отырған. Бірақ жүктіліктің 32 аптасында ғана шарананың ішектері сыртқа шығып біткенін көріпті.

Осындай жағдайға тап болған Гүлнар Зейнуллина сәбиін дүниеге әкелген. Жергілікті дәрігерлер бірден ота жасап, сыртқа шыққан шекті ішке салған. Бірақ, бірнеше потологиямен өмірге келген сәбиге жыныс мүшелерін жаса бере алмапты.

Бала туғанда көптеген ақаумен туды. Ол қуық жағынан, ол ас қорыту жұмысы жағынан, ол нейрохирургиялық патология жағынан. Балалар ауруханасында қуық патологиясы бойынша 2 түрлі операция жасалды.

Татьяна Бишораева, Ақмола облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары.

Жергілікті дәрігерлер қолынан келгенін жасаған. Астанадағы ана мен бала орталығында да шетелден келген профессорлар тағы бір ота жасапты. Үміттің анасының ендігі үміті – шет елде ота жасату. Бірақ оған қыруар қаражат қажет. Мысалы, қажетті ота құны Түркияда 80 мың доллар тұрады екен. Мұндай қаржысы жоқ ата-анасы жомарт жандардан көмек сұрайды.

Айдын Қайнарұлы 12.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?