Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап газбен жүретін көлік иелері арнайы белгі жапсыруы тиіс.
Министрлік жаңа белгі газбен жүретін көліктерді жабық тұрақта тиімді бақылауға және тыйым салуға мүмкіндік береді дейді.
Ведомство мұндай шешім азаматтардың қауіпсіздігіне де әсер етеді деп есептейді.
Қазақстанда автогазға сұраныс көп. Бензинмен салыстырғанда арзан әрі тиімді болғандықтан автокөліктеріне газ құрылғысын орнатып алатындар да бар.