Спорт

«Өзбекке есеміз кеткен». Головкинді не үшін сайлады?

Геннадий Головкинді Ұлттық Олимпиада комитетіне не үшін президент қылып қойды екен?

Ақша үшін келмегені анық

«Головкин деген долларға тойған мультимиллионер. Ақшадан тарылса, кез-келген уақытта өзі сияқты атақты зейнеткер-боксшылардың бірімен жекпе-жек жасап, тағы бірнеше миллионның астында қалатын адам ол. Ол Аманат пен Антикорсыз-ақ ақша таба алады», деп пайымдайды блогер Қуаныш Кежебекұлы.

«Отаным» деп келген жоқ

Головкин Отанына қызмет ету үшін келген жоқ. Әйтпесе қазақ боксшылары оның залына кіре алмай, Сауль Альварестің залында жаттықпас еді.

Шындық қайда?

Ең шындыққа жақыны – Геннадий режимге қызмет еткісі келеді. Ол атағы дүркіреп тұрған кезде белбеулерінің бәрін «шалға» сыйлап, диктатураға жаны жақын екенін көрсетіп қойған адам.

Билікке Гена керек. Авторитар режимдер өз билігін сақтау үшін, халықаралық жалған абыройын арттыру үшін қашан да спортты пайдаланады. 1936-шы жылғы жазғы Олимпиаданы нацист диктатор Адольф Гитлер Германияны әлемге бейбіт және төзімді мемлекет етіп көрсету үшін пайдаланған.

Қазақ автократиясының үлкен спорттан жейтін негізгі «наны» – бокстағы жетістіктер еді. Спорт түрлерінің арасында тек бокс қана 30 жылдан бері әлемдік аренада тұрақты жоғары көрсеткіш беріп келді.

Бірақ

соңғы жылдары бокстан бізді көрші диктатура оза бастады. Бұл қазақ халқына ауыр тиді. Сол себепті билік халық алдында ұпай жинау үшін алдағы Париж Олимпиадасында басқасы басқа, бокстан медаль саны бойынша Өзбекстаннан озуды ойлап отыр.

Өзбекстан Халықаралық бокс қауымдастығымен жақсы қарым-қатынаста. Өзбек боксы атойлаған өткен Олимпиадада AIBA президенті өзбек Гафур Рахимов болған. Бокстан соңғы әлем чемпионаты Өзбекстан астанасында өткенін ұмытпайық.

Бокс әлемінің шенділері өзбектермен жақын болғасын, қазақ билігіне тез арада халықаралық бокста беделі зор біреу керек болды. Геннадий Головкиннен басқа ондай ешкім жоқ бізден. ҚР ҰОК басшылығына Генаны сол үшін шақырды.

Мұның алдында Қазақстанның бокс федерациясына ешкімге белгісіз жас олигарх Шахмұрат Мүтәліпті неге қойғаны енді белгілі болды. Ендеше, елдің боксын Гена басқарады, ал Мәмин, Ахметов, Сәпиев сияқты ескіқазақстандықтар «ақша жеуге» кіріседі. Ал Мүтәліп теннистегі Өтемұратов сияқты «бокстың банкоматы» болады.

Боксшылар Парижден сәтті оралса Гена қала береді, тағы масқара боп жатсақ, GGG келесі сайлауды күтпей-ақ, өз жөнімен кете барады,

деп топшылайды ол.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

3 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago